Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2025, № 3,2025, с. 380-395

ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІГІНДЕГІ МАРШАЛ СТАНЦИЯЛАРЫН БАСҚАРУДЫ КОМПЬЮТЕРЛЕНДІРУ

Н. Т. Тулепбек, А. О. Оралбекова, Б. С. Ахметов

Аннотация · Abstract

Мақалада сұрыптау станцияларын автоматтандырудың қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары, оның ішінде олардың тиімділігіне әсер ететін негізгі технологиялық және ұйымдастырушылық аспектілері талданады. Шешімдердің сәйкес келмеуі, ақпараттық жүйелердің жеткіліксіз интеграциясы, жабдықтың тозуы және процестерді синхрондау үлгілерінің жоқтығы сияқты негізгі проблемалар анықталды. Автоматтандырылған жүйелерді жобалаудың орталықтандырылған архитектурадан бөлінген және интеллектуалдандыруға дейінгі тәсілдер эволюциясы қарастырылады, бұл технологиялық процестердің күрделене түсуіне және де ақпарат көлемінің ұлғаюына бейімделуге көмектеседі. Басқару дәлдігін арттыру және ресурстарды оңтайландыру үшін интеллектуалды технологиялардың маңыздылығы қарастырылып және атап өтілді. Бұл шешімдер (вагондардың жылдамдығын реттеу және бағыттама бұрмаларын бақылау), олардың қарапайымдылығына қарамастан, автоматтандыру технологияларын одан әрі дамытуға негіз болды. 1970–1980 жылдар аралығында есептеу техникасының дамуымен сұрыптау процестерін орталықтандырылған басқаруды қамтамасыз ететін автоматтандырылған басқару жүйелері ( әрі қарай АБЖ) пайда болды. Осы кезеңде басты назар тежегішті басқару және вагон қозғалысын басқару сияқты жеке функцияларды автоматтандыруға аударылды. Дегенмен, орталықтандырылған жүйелер жеткіліксіз икемділікке, ақауларға төзімділікке және үлкен көлемдегі деректерді өңдеуге шектеулі мүмкіндіктерге байланысты айтарлықтай шектеулерге ие болды. Кілтті сөздер: автоматтандыру, сұрыптау станциялары, тиімділік, интеграция, ақпаратты технологиялар, интеллектуалды технологиялар.

Сведения · Details