Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series, 2025, № 2,2025, с. 23-30

ТІЛ ҮЙРЕНУГЕ АРНАЛҒАН САЙТТАРДА ИНТЕРАКТИВТІЛІКТІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

І. С. Әшім, А. Б. Исимбаева

Аннотация · Abstract

Мақала шет тілдерін оқыту саласын қамтитын веб-сайттарда интерактивтілікті қолданудың өзекті тақырыбына арналған. Интернеттегі ресурстар білім беру мақсатында, әсіресе тілдерді үйренуде танымал бола бастаған қазіргі цифрлық әлемде оқу процесін жақсарту үшін интерактивтілікті қалай тиімді енгізу керектігін түсіну маңызды. Мақаланың мақсаты – интерактивті технологиялардың әртүрлі тілдерді үйренуге арналған веб-сайт, курстарға тигізетін пайдасы мен ықпалын көрсету болып табылады. Соның ішінде, бұл мақалада тілдерді үйренуге арналған сайттардағы ойындар, тесттер, виртуалды жаттығулар және чат-боттар сияқты интерактивтілікті қолданудың әртүрлі аспектілері де айтылады. Әр әдістің артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылады және олардың студенттердің мотивациясы мен оқу нәтижелеріне әсері талданады. Неғұрлым тиімді және қызықты білім беру құралдарын құруға ықпал ететін технологиялар мен инновацияларға ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, бұл мақалада тілдерді оқыту процесінде интерактивтіліктің әлеуетін барынша арттыру мақсатында білім беру платформаларын әзірлеушілер, оқытушылар және студенттердің арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі талданатын болады. Мақаланың соңында тіл үйренуге арналған веб-сайттарда интерактивтілікті қолданудың әртүрлі нұсқалары ұсынылады, бұл олардың цифрлық дәуірдегі білім беру процесінің тиімділігін арттырудағы маңыздылығын көрсетеді. Кілтті сөздер: интерактивтілік, Интернет, білім беру платформасы, технологиялар, веб-сайт.

Сведения · Details