Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2022, № 4.2022, с. 319-330

РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АРҚЫЛЫ ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІН БЕРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Л. Н. Ибраимова, С. Ж. Құрмантаева

Аннотация · Abstract

Мақалада колледж білімгерлерін отбасылық өмірге рухани құндылықтар арқылы даярлау туралы баяндалады. Сонымен қатар, мақалада тәрбие құндылығы ұғымына да терең талдау берілген. Автор мақалада рухани құндылықтар негізінде колледж білімгерлерін отбасылық өмірге даярлаудың кешенді бағдарламасын ұсынған. Бағдарламада педагогикалық-тәжірибелік жұмыс аясында білімгерлерді отбасылық өмірге дайындауға арналған «Отбасы тәрбиесі – рухани құндылықтар негізі»атты курстық бағдарламасы қарастырылған. Автор мақаласында қарастырылған басты мәселе отбасылық өмірге дайындау болғандықтан, отбасында тұлғаның рухани құндылықтарын қалыптастырудың негізі– тәрбие құндылығына да назар аударып, рухани құндылық тәрбиесі арқылы жастарды отбасылық өмірге даярлау және қазіргі қоғамда отбасы құндылығының мәніне тоқталады. Сонымен қатар, мақалада білімгерлерді отбасылық өмірге даярлаудың басты ұғымдары: тәрбие, оқыту мен дамыту, білім беру болғандықтан, ата-аналарды ұрпақ тәрбиесіне даярлауда педагогикалық-әдістемелік жағынан көмек көрсету– қажеттіліктердің бірі екендігі айтылады. Мақалада еліміздің әр өңірлеріндегі отбасында жұбайлардың ажырасу көрсеткіштері мен себептері дәлелді түрде беріледі. Рухани құндылықтар арқылы отбасы мүшелерінің рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың негіздері қарастырылады. Еліміздің болашағы жастарымызды отбасылық өмірге неғұрлым ертерек даярлай бастасақ, соғұрлым отбасы құндылығы мен беріктігі сақталып, бақытты балалар мен жан-жақты дамып қалыптасқан тұлғаларды тәрбиелеуге жағдай жасалады деген пікір беріледі.

Сведения · Details