Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2021, с. 146-158
Жоғары мектептің білім беру процесінде цифрлық технологияларды пайдалану
Аннотация · Abstract
"Мақалада қазіргі кездегі өзекті векторлардың бірі ретінде жоғары мектептің оқу-білім беру процесінде цифрлық технологияларды пайдалану мәселесі қарастырылады. Осы зерттеу жұмысында жоғары оқу орындарының оқу процесінде цифрлық технологияларды пайдалану мәселесінеа теориялық талдау жүргізілді, эксперименттік зерттеу жұмысы жүргізілді, сандық-сапалық талдау берілді. Атап айтқанда, мақалада жоғары мектептің білім беру процесінде қолданылатын цифрлық технологиялар туралы теориялық түсінік берілген, олардың қазіргі білім беру жағдайындағы қажеттіліктері мен мүмкіндіктері қарастырылған. Бұл білім беру кеңістігінде цифрлық оқыту ортасын құру және жақсарту үшін қолданылатын әртүрлі құралдар мен ресурстар туралы айтылады. Ойлау әрекеттерін, оқытуды ұйымдастыру формаларын дамыту, визуализацияны, идеяларды біріктіруді және т. б. дамыту. Зерттеу барысында сыни және шығармашылық ойлау дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін цифрлық педагогика негізінде зияткерлік міндеттер жүйесін құруға баса назар аударылды. Эксперименттік зерттеу барысында «Bolashaq» академиясының педагогикалық білім беру бағдарламаларының студенттері арасында сауалнама әдісі қолданылды. Сауалнама google әлеуметтік желісі арқылы жүргізілді. Сауалнама нәтижелері талданды, қорытындылар жасалды және жоғары мектептің білім беру процесінде цифрлық технологияларды қолдану арқылы қол жеткізуге болатын мүмкіндіктер қорытындыланды. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/sjhg3900
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0