Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 3.2021, с. 139-149

Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру

Кулахмет Молдабек, Рабига Ибрахимовна Кенжебекова

Аннотация · Abstract

"Мақалада бастауыш мектептің қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу дағдысын ақпараттық технологиялар арқылы қалыптастыру. Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысынқалыптастырудың негізгі бағыты – қазіргі қоғамның талабына сай, өз еркімен шешім қабылдай алатын, бәсекеге қабілетті, ақпараттық білімділігі мен қабілеттілігі, біліктілігінің қойылып отырған талапқа сәйкес келуімен сипатталады. Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру үшін білім беру жүйесіне қатысты бастауыш мектепте білім беруді ақпараттандыру, педагогикалық қызмет шеберлігін бастаудың алғашқы тәжірибесіне, ақпараттық технология мәселесі бойынша ғылыми-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстары тәжірибесін жасауды қажет етеді. Онда бастауыш сынып мұғаліміне арнайы және кәсіби білімі мен біліктілігін қолданып жұмыс істеу қажеттігі көрсетіледі. Бұл ақпараттық технология оқушының ой-өрісінің дамуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялар арқылы –дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен еске сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасын қамтамасыз етеді. Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру арқылы жағымды көңіл-күйге құрылған ақпараттық оқу ортасында жаңа оқу іс- әрекетін , оқу үрдісін икемді басқара отырып, оқушылардың іс-әрекетін бақылауды сапалық жағынан өзгертуге болады. Барлық жауаптарды тексеруге, көп жағдайда жіберілген қателіктерді есепке алып қана қоймай, сипатын анықтап, дер кезінде оның пайда болуына себепші болған себептерді жоюға көмектесетін мәселелерді қарастырады. "

Сведения · Details