Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2025, № 2,2025, с. 488-498
КОММУНИКАТИВТІ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТЕРДІҢ ИНКЛЮЗИВТІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ
Аннотация · Abstract
Болашақ педагогтердің инклюзивті білім беру қызметіне даярлығы ғылым мен педагогикалық білім берудің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты болашақ педагогтердің инклюзивті құзыреттілігін қалыптастыруда олардың психологиялық тұрғыдан инклюзивті қызметке дайындығын талқылау, жоғарғы оқу орнында білім алып жатқан болашақ педагогтердің ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға білім беру және тәрбиелеу үрдісіне психологиялық тұрғыда дайындығын зерттеу болып табылады. Болашақ педагогтер инклюзивті білім беру кеңістігінде жұмыс жасау барысында олардың жеке бас қасиеттері, психологиялық даярлығы маңызды рөл атқарады. Педагогтің психологиялық даярлығы инклюзивті білім беруді сапалы іске асырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Мақалада болашақ педагогтердің коммуникативті толеранттылығын зерттеу нәтижелері талқыланады. Зерттеуге Абай облысы, Семей қаласындағы «Alikhan Bokeikhan University» білім беру мекемесінің педагогикалық бағытта білім алатын 92 білім алушысы қатысты. Зерттеу әдісі ретінде В.В. Бойконың коммуникативті толеранттылық диагностикалық тесті қолданылды. Инклюзивті білім беруді нәтижелі іске асыруда болашақ педагогтердің психологиялық даярлығының алатын орны ерекше екені белгілі, сол себепті болашақ педагог мамандарды дайындайтын жоғарғы оқу орындарында білім алушылардың психологиялық даярлығын, олардың ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен толерантты өзара әрекеттесу қабілеттерін қалыптастырудың маңызы зор. Кілт сөздер: инклюзивті білім беру; инклюзивті құзыреттілік; психологиялық даярлық; коммуникативті толеранттылық; кәсіби даярлық.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/sgpq5902
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0