Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 2.2021, с. 61-76

КӘСІПКЕРЛІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ДАМУЫ МЕН РӨЛІ

Салтанат Советовна Аубакирова, Гаухар Айтбеккызы Жумабекова, Гульжан Туруспеккызы Артыкбаева, Зауреш Сабырбековна Искакова, Рамиля Генадьевна Жаябаева

Аннотация · Abstract

"Бұл мақалада университеттердегі кәсіпкерлік білім берудің дамуы мен рөлі, ерекшеліктері, артықшылықтары мен қажеттілігі қарастырылады. Білім алушылардың кәсіпкерлік ойлау жүйесін қалыптастыруды және жаңа инновациялық, технологиялық жобалар толқынын тудыру қажеттілігі айқындалады. Шетелдердегі, Ресейдегі және Қазақстандағы кәсіпкерлік білім берудің дамуы, ерекшеліктері сипатталады. Дамыған елдердегі кәсіпкерлік білім берудің тәжірибесі ұсынылады, салыстыру жүргізіледі. Кәсіпкерлік білім беру ұғымына, оның қажеттілігіне тоқталып, нәтижелеріне талдау жасалады. Сонымен қатар кәсіпкерлік білім берудегі стартап академиясының рөлі мен тиімділігі сипатталады. Кәсіпкерлік білім берудегі Торайғыров университетінің дамуы мен рөлі айқындалады. Стартап, жобалық оқытудың негізінде нақты қандай нәтижелерге қол жеткізгендігі қарастырылады. Университетте стартаптар түрлі салалардағы кез келген идеялармен қатыса алатын жалпы сипаттағы ивенттерден басқа, Академия жекелеген салаларға көңіл бөле бастағандығы және IT саласын дамыту және жалпы цифрландыру тақырыбында IT HUB және Павлодар облысының ИИДМ бірлесіп үш Хакатон өткізілгені сипатталады. IT-технологиялармен байланысты стартаптар: Flappy Brow, сонымен қатар AR-оқыту: «Менің арманым. Startup Bolashak» оқыту процесіне интерактивті форматта қажетті ақпаратты қабылдауға мүмкіндік беретін AR-технологияларын енгізілгені туралы айтылады. "

Сведения · Details

Профили авторов · Author profiles