Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2021, № 1.2021, с. 86-95
"ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ МИФОПОЭТИКА "
Аннотация · Abstract
"Қазіргі қазақ прозасында мифопоэтикалық ізденіс адам болмысы, жаратылыс пен өмірдің мәнісі хақында философиялық және концептуалдық ой айтудың тәсіліне айналды. Мақалада прозалық туындылардағы мифопоэтикалық формалардың көркемдік мүддеге қызмет ететін және авторлық концепцияны, идеяны ашатын эстетикалық құрал екендігі пайымдалады. ХХ ғасырдың 60–70 жылдарынан бастап қазақ әдебиетінде аңыздық желі, мифологиялық сюжеттер, мотив пен образдар қазақ қаламгерлерінің шығармаларында жиі қолданылып, көркемдік ізденістердің күрделі де белсенді процесі жүрді. Мақалада прозалық шығармалардың көркемдік жүйесіндегі мифтік сюжеттердің, сарындардың, образдардың қызметі қарастырылады. Қазақ әдеби процесінің дамуында діни-мифологиялық мотивтердің ықпалы зор болғанымен, оның дамуы да түрлі тарихи, әлкуметтік, әдеби-саяси жағдайларға байланысты біркелкі болмағаны, оған әсер еткен факторлар тұжырымдалады. ХХ ғасыр әдебиетінде басым уақыт үстемдік еткен социалистік реализм қазақ жазушыларының көркемдік талабы мен сұранысына толық жауап бере алмағандықтан, әдебиетте өзгеріс, өзгеше рух тілеген жаңа эстетикалық жағдайдың қалыптасқаны, шығармашылық ой еркіндігіорнаған қазіргі қазақ прозасында мифопоэтиканың шығармалардың көркемдік жүйесіне кірігу процесінің қарқынды жүргені зерделенеді. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/scbj9142
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0