Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2020, с. 75-88

СТУДЕНТТЕРДЕГІ ЭМОЦИЯЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТ ПЕН СУБЪЕКТИВТІ ҚАНАҒАТТЫҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙЛЕРІ

Адильжанова Куралай Советхановна, Оралканова Индира Адылкановна

Аннотация · Abstract

"Кең көлемді ақпарат, инновациялар мен үздіксіз өзгерістер, жоғары бәсекелестік жағдайындағы жұмыс қазіргі адамның күнделікті өміріне айналды. Мақалада мәселенің шығу тарихы талданып, эмоциялық интеллектіні зерттеудің заманауи тәжірибеге бағытталған тәсілдері сипатталады. Онтогенездегі эмоциялық интеллект дамуының факторларын зерттеу мәселесі қарастырылады және эмоциялық интеллект пен субъективті қанағаттың өзара байланысын зерттеудің қажеттілігі негізделген. Мақаланың мақсаты болашақ педагогтердегі эмоционалды интеллект және субъективті қанағаттың өзара байланысын дәйектеу. Зерттеуге педагог мамандықтарының 138 студенті қатысты. Зерттеу әдістері – Д. В. Люсиннің эмоциялық интеллект тесті және К. Риффтің психологиялық қанағат тесті. Д. В. Люсиннің эмоциялық интеллект сауалнамасы 46 мәлімдемеден тұрады, оған субъект «келіседі/келіспейді» деп жауап береді және олар бес кіші өлшемге біріктіріліп, өз кезегінде неғұрлым жалпы тәртіптің төрт шкаласына біріктіріледі. Психологиялық қанағат шкаласын (The scales of psychological well-being) Кэрол Риф жасаған. Бұл әдіс психологиялық қанағаттың негізгі компоненттерінің көрсеткіштерін өлшеуге арналған. Зерттеу нәтижелері бойынша эмоциялық интеллект деңгейінің төмен көрсеткішті респонденттері көп жағдайда субъективті қанағаттың төмен деңгейіне ие болды. Тұлғааралық эмоциялық интеллект субъективті қанағаттың жағымды қарым-қатынас, тұлғалық өсу сияқты көрсеткіштерімен, ішкітұлғалық эмоциялық интеллект-автономия, ортаны басқару және өмірлік мақсат көрсеткіштерімен тығыз байланысты. "

Сведения · Details