Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 4, 2025, с. 168-182
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАСТАРДЫҢ ТІЛДІК РЕПЕРТУАРЫНДАҒЫ ТІЛДІК ҮРДІСТЕР
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада қазіргі жастар сөйлеу тілінде орын алып жатқан тілдік репертуардың кеңеюі мен сәйкестілік трансформациясы лингвистикалық, социолингвистикалық және прагматикалық аспектілерде сипатталады. Жаһандану, урбанизация және цифрлық коммуникация үдерістері нәтижесінде жастар дискурсында бірден бірнеше тілдік жүйелердің өзара ықпалдасуы күшейіп, тілдік шекаралар бұлдырап, жаңа гибридтік құрылымдар қалыптасып отыр. Мақаланың негізгі мақсаты ретінде респонденттердің тілдік репертуары мен сәйкестілік модельдерін айқындау, олардың код-ауысу, транслингвистикалық бейімделу және прагматикалық стратегияларын анықтап жастардың сөйлеу тіліндегі көптілділік көріністері мен олардың тілдік сәйкестілікпен байланысын сипаттау. Зерттеу барысында сапалық әдіснамаларға (qualitative approach) сүйене отырып, үш эмпирикалық әдіс қолданылды: құрылымдалған тереңдетілген сұхбат, табиғи дискурсты жинау және қатысушы бақылау. Эмпирикалық материал ретінде жастардың сөйлеу үлгілері мен әлеуметтік желідегі коммуникациясы пайдаланылды, нәтижесінде респонденттердің сөйлеу тілінде код-ауысудың түрлі формалары, калькаланған құрылымдар, кірме сөздер мен сленг арқылы жүзеге асатын прагматикалық бейімделу жағдайлары анықталды. Жастардың тілдік репертуары мен ондаға қалыптасып жатқан негізгі тілдік үрдістер сипатталды. Кілтті сөздер: тілдік репертуар, код-ауысу, сәйкестілік трансформациясы, translanguaging, көптілділік, тілдік үрдіс.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/rybo5109
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0