Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 3.2024, с. 128-141

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ ТІЛДІК КОММУНИКАЦИЯДАҒЫ КӨРІНІСІ

Ғ. Е. Имамбаева, Г. Ж. Асылханова, А. Б. Ахметова

Аннотация · Abstract

Ғылыми мақала қазіргі қоғам ішіндегі тілдік қарым-қатынастағы қазақ халқының ұлттық мәдени мұраның көрінісіне арналады. Мақалада қазақ тілін әрі қарай дамытуда ұлттық мәдени мұраның қосар үлесі туралы айтылады. Себебі ұлттық мәдени мұра ол кез келген халықтың рухани байлығы, алтын қазынасы. Сондықтан болар ұлттық мәдени мұра, әсіресе, тілдік коммуникацияда ерекше орын алып ұлттың болмысына қызығушылық тудырып, адамдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға жол ашады. Ұлттық мәдени мұра жайлы бірқатар ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, тілдік қатынастағы олардың ерекшеліктерін айқындау мәселелері қарастырылады. Бұл жерде ұлттық мәдени мұраға не жатады деген сұрақ туындайды. Шынын айту керек, «ұлттық мәдени мұра» ұғымының ауқымы кең. Мәселен, ұлттық мәдени мұраға қазақ халқының салт-дәстүрін де жатқызуға болады. Ұлттық мәдени мұраның негізі болатын бірқатар салт-дәстүр түрлерін келтіре отырып, мақала бетінде олардың адамдар арасында тілдік қатынас жасаудағы танымдық ақпарат беру, сөздік қорын молайтумен, өз халқына деген сүйіспеншілік пен қызығушылық артатыны жайлы айтылады. Қазіргі қоғамда адамдар арасында тілдік қатынасты әрі қарай дамытуда ұлттық мәдени мұраның рөлі ерекше. Себебі тілдік қатынас тамыры тереңге кеткен өмірде өзіндік орны бар қоғамның дамуы үшін ең қажетті қоғамдық-әлеуметтік ақпараттардың жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы – адамдар қатынасының түп қазығы. Сондықтан ұлттық мәдени мұра тілдік қатынастың қайнар көзі, рухани байлығы деген қағида мақала бетінде орын алды. Кілтті сөздер: ұлттық қазына, мәдени мұра, тілдік қатынас, салт-дәстүр, қоғамдық қатынас, әлеуметтік мәселелер, тілдің дамуы.

Сведения · Details