Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2023, № 4,2023, с. 182-194

СОМАТИКАЛЫҚ ЛЕКСЕМАЛАРДЫҢ КӨПМАҒЫНАЛЫҒЫ ТУРАЛЫ (1897 ЖЫЛҒЫ «КИРГИЗСКО-РУССКІЙ СЛОВАРЬ» СӨЗДІГІ МАТЕРИАЛЫНДА)

М. С. Кадирова

Аннотация · Abstract

Мақалада кез келген тілдің семантикалық жүйесіндегі ең маңызды құбылыстардың бірі – көпмағыналық.туралы баяндалады. Автор жаңа мағыналардың қалыптасуына ең бейім адамдар мен жануарлар денесінің бөліктерін білдіретін сөздік қабаттардің бірі – соматикалық лексемалардың негізгі сипаттамаларын қарастырады. Шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерін талдай отырып, автор көп мағыналылықтың, оның ішінде соматикалық лексемалардың түрленуінің теориялық аспектілерін қарастырады. Зерттеу барысында лексемалардың семантикалық құрылымы, олардың бастапқы (негізгі) және қосалқы (екіншілік) мағыналарына тоқталады. Негізгі дереккөз ретінде алынған 1897 жылы Орынборда жарық көрген ХІХ ғасырда кирил әліпбиімен жазылған «Киргизско-русскiй словарь» жазба ескерткішіндегі соматикалық лексиканың көп мағыналығы талданып, топшаларға бөліп қарастырылады. Мақалада аталмыш соматикалық лексемалардың мағыналарына компоненттік талдау жасалады. Компоненттік талдаудың көмегімен соматикалық лексемалардың семантикалық құрылымы, полисемантиканың лексика-семантикалық варианттары арасындағы байланыс түрлері талданады. Талдау барысында соматикалық лексиканың дамуы мен бастапқы мағыналарды түрлендіру процесінде талданатын лексемалар ауыспалы (қосалқы) мағынаның едәуір үлкен санына ие болғандығы айқындалды. Жаңа мағыналардың қалыптасуы метафоралық, метонимиялық немесе функционалдық ауысулардың көмегімен жүзеге асуы сөз болады. Сөздегі мағыналар тізбегінің сипатына қарай жасалған лексика-семантикалық варианттар радиалды, тізбекті және радиалды-тізбекті түрлері арқылы өзара байланысы көрсетіледі.

Сведения · Details