Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2021, с. 453-466

ИННОВАЦИЯЛЫҚ-БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ТАБЫСТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ДӘРЕЖЕСІ

М. С. Утегенова, Г. К. Шолпанқұлова, Б. А. Нурмагамбетова, Б. Г. Сарсенбаева

Аннотация · Abstract

"Қазіргі қоғам халықтың әр түрлі топтарын әлеуметтік-психологиялық қолдау жүйесін дамытуды өте қажет етеді. Балалық шақтағы құқықбұзушылық пен жасөспірімдердің нашақорлығы артып келеді, компьютерлік тәуелділік пен балаларда «виртуалды» агрессия жиілеп барады, жас ұрпақта жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі бұзыла бастады (қарым-қатынас мәдениеті, толеранттылық, жанашырлық қабілеті, мұқтаж адамдарға көмекке келу ниеті). Бұл мәселелерді шешу мамандандырылған мамандардың – әлеуметтік педагогтардың кәсіби көмегінсіз мүмкін емес. Сондықтан осы мәселелерді шешу үшін мектептерге жоғары білікті, кәсіби табысты әлеуметтік педагог қажет. Болашақ әлеуметтік педагог динамикалық ақпараттық және педагогикалық кеңістікті бағдарлауы керек және инновациялық технологияларды енгізуге, мектеп оқушыларына интегративті білім беруге дайын болуы керек. Мұндай кәсіби дайындық болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби қалыптасуының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл мақалада инновациялық білім беру ортасы жағдайында болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығын дамыту мәселелері қарастырылады. Шетелдік және отандық авторлардың кәсіби табыстылығының маңызды және мазмұнды сипаттамаларын көрсететін ғылыми еңбектері талданады. Теориялық талдау, нақтылау, жалпылап, жүйелеу әдістері арқылы болашақ әлеуметтік педагогтардың кәсіби табыстылығының дамуы бірқатар факторларға байланысты деген қорытынды жасалды. "

Сведения · Details