Bulletin of Toraighyrov University Energetics series, 2023, № 4,2023, с. 273-286
ОНЛАЙН КУРС ҚОСЫМШАСЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛІ
Аннотация · Abstract
Ақпараттық технологиялардың адам қызметінің барлық салаларында кеңінен қолданылып, қарқынды дамуына байланысты сапалы және тиімді веб-қосымшалар мен оның мобильді қосымшаларын құруға деген сұраныс артып келеді, адам қызметін жеңілдететін қосымшалар да көптеп әзірленуде. Веб қосымшалар мен мобильді қосымшаларды қолданудың басты артықшылықтарының бірі – интернет ресурстағы ақпаратқа, қажетті материалдарға оңай және жылдам қол жетімділік туғызады. Қазіргі таңда қосымша білім беруге бағытталған курстар өте көп. Онлайн платформалық курстар үйден шықпай-ақ әр түрлі дағдыларға ие болуға мүмкіндік береді. Кең таралымдағы жаппай ашық онлайн курстардың көптеген артықшылықтары бар: бұл студенттерге тәлімгерлермен өзара әрекеттесу мүмкіндігі, дайындық деңгейіне және әр оқушының қажеттіліктеріне байланысты сабақты жеке жоспарлау, мысалы оған қол жетімді уақыт. Бұл зерттеуде, осы заманауи онлайн курстарының платформаларын тәжірибелік шешімдер арқылы моделін құру қарастырылған. Яғни онлайн курстарды әзірлеу технологияларын таңдау, бағдарламалық құралдың моделін UML тілін қолдана отырып, ағылшын тіліне арналған онлайн курс әзірлеу болып табылады. Әзірленетін ағылшын тілін оқытудың онлайн курс платформасы қазақ тілді мазмұндағы компьютерлік нұсқасынан мобильді құрылғыларға бейімделген интерактивті құрал болады. Бұл зерттеудің теориялық пен тәжірибелік тиімділігі ол осы мәселені терең зерттеумен, жасалған бағдарламаларға сараптама жасап және ұсынылған модельге қарап, қолданыста ыңғайлы және тиімді қосымша әзірлеу. Кілтті сөздер: онлайн курс, оқыту платформасы, мобильдік қосымша, модель құру, UML диаграмма.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/rslq6655
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Energetics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0