Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 1.2025, с. 228-240
МҰХТАРТАНУҒА ҚОСЫЛҒАН ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕР
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада көрнекті абайтанушы, мұхтартанушы, ғұлама ғалым Қайым Мұхамедхановтың бұрындары белгісіз болып келген, жарияланым көрмеген мол мұрасы қарастырылады. Мұхтартану тарихындағы Қайым Мұхамедхановтың зерттеулері бұрындары баспасөз беттерінде бірлі-жарым жарияланып жүргенімен арнайы ғылыми айналымға түсе қоймаған еді. Себебі бертінге дейін жарияланым көрмеген, ғалымның жеке архивінде сақталған мол мұра, әсіресе мұхтартануға қатысты құнды тарихи деректер, мұрағаттық материалдар, нарратологиялық мәтіндер соңғы жылдары ғана ғалым қайраткердің қызы, «Қайым Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет орталығы» қоғамдық қорын басқаратын Дина Мұхамедханның еңбектерінде көрінді. Соның бір дәлелі – Мұхамедхан Динаның «Ұстаз бен шәкірт: Мұхтар мен Қайым. Учитель и Ученик: Мухтар и Каюм (қазақ және орыс тілдерінде) атты еңбегі. Мұрағаттағы құнды қолжазбаларды қайта қарап, сүзгіден өткізіп, қазіргі уақыт талабына сай абайтану, алаштану, шәкәрімтану, мұхтартану салаларындағы ұлан-ғайыр еңбектерін жүйелеп, жариялап, зерттеу – бүгінгі мұхтартанудың маңызды тақырыптарының бірі. Қ. Мұхамедхановтың жеке архивіндегі ұлы суреткердің өмірі мен шығармашылығына қатысты қаншама құнды деректер бүгінгі қазақ әдебиеттануы мен мұхтартанудағы зерттеулерге негіз болады. Мақалада мұхтартанудағы ғылыми дискурстар әлемі, осы күнге дейін жалпы әдеби, ғылыми ортаға беймәлім болып келген нарратологиялық мәтіндер, тың тарихи деректер, архивтік құжаттар ғылыми айналымға түседі. Кілтті сөздер: қолжазба, мұхтартану, әдебиеттану, архив, мұражай, нарратология
Сведения · Details
- DOI 10.48081/rseg3592
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0