Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 4.2024, с. 18-29

Д. ЛОНДОННЫҢ «МАРТИН ИДЕН» РОМАНЫН ЖОО-ДА ОҚЫТУДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ

К. Н. Абилдаева, К. С. Әбдіқалық, Н. М. Абишева

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада Джек Лондонның «Мартин Иден» романын студенттерге меңгертуде проблемалық диалогтік оқыту әдісін қолданудың тиімділігі зерделенеді. Кіріспеде америка жазушысының белгілі «Мартин Иден» романы туралы шетелдік ғалымдар тарапынан әр қырынан зерттелгеніне шолу жасалады. Сонымен бірге бұл туындының аударма нұсқасын студенттерге тиімді оқытудың мәселесі арнайы қарастырылмағандығы ескеріліп, осы зерттеуіміздің негізгі өзектілігіне назар аударылады. «Мартин Иден» романының аударма нұсқасын студенттерге оқытуда проблемалық диалогтік оқыту әдісінің қолайлылығы толыққанды қарастырылды. Д. Барнс, Н. Мерсер, Ж. Аймауытов сынды шетел және отандық әдіскер ғалымдардың пікірлері де ескерілді. Таңдап алынған көлемді прозаны білім алушылармен талқылау үшін проблемалық диалогтік оқыту бойынша «Автобус аялдамасы» тәсілі алынып, әрбір топтың студенттері жұмыс жасайтын тапсырмалардың үлгісі қарастырылады. Флипчарттарда жазылуы керек «Идея», «Мәселе», «Кейіпкер», «Философия» деген атаулардың да оқытудың мақсатына жетуде өзіндік мәнге иеленетіні зерделенеді. Әрбір аялдамада жасалатын тапсырманың орындалу деңгейіне қатысты уақытының белгіленетініне назар аударылады. Төрт топқа берілген әрбір аялдамадағы тапсырмалардың реті кестелер арқылы ұсынылады. Жас буынның оқырмандық қабілетімен қатар, сыни ойлауын қарқынды дамыту үшін де диалогтік қарым-қатынасқа түсіру, оларға берілетін танымдық бағыттағы проблемалық сұрақтардың дұрыс іріктелуі де үлкен маңызға ие. Білім алушылардан талап етілетін жауаптардың өзіндік үлгісі де бұл мақалада тиянақты қамтылады. Кілтті сөздер: көлемді проза, аударма, оқыту әдістері, проблемалық оқыту, философиялық сауалдар, авторлық шешім, кейіпкерлер тағдыры

Сведения · Details