Bulletin of Toraighyrov University Economics series, 2025, № 2,2025, с. 253-273
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТАЛДАУЫ
Аннотация · Abstract
Ұсынылған мақалада авторлар Қазақстан Республикасындағы шаруа (фермер) қожалықтарының дамуын қарастырады. Мақаланың өзектілігі Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің еліміз үшін стратегиялық сала болып табылатындығы, ал шаруа (фермер) кәсіпорындары көптеген ғалымдар мен мемлекет қайраткерлері мойындаған осы саланың іргетасы екендігімен ерекше атап өтіледі. Мақалада басқа елдердің әртүрлі ғалымдарының көзқарастары қарастырылып, Ресейдің шаруа (фермер) қожалықтарын дамытудағы тәжірибесі ұсынылып, проблемаларды тауып, қазақстандық қызметтерде қолдануға болатын шешімдерді ұсынады. Ұсынылған мақаланың әдістемесі айтарлықтай түсінікті, жүйелі көзқарас пен салыстырмалы талдау авторлармен кеңінен қолданылады. Мақалада пәнаралық зерттеулерге сілтеме жасалған, тәжірибелік бөлім теориялық ережелермен жалпыланған. Авторлар Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросының статистикалық деректеріне салыстырмалы талдау жүргізді. атап айтқанда, шаруа (фермер) қожалықтары қызметінің негізгі көрсеткіштеріне талдау жүргізілді, республика облыстары бөлінісінде егістік алқаптарына талдау жасалды, оларды пайдалану проблемалары анықталды. Мақалада, сондай-ақ, республиканың аграрлық секторындағы шаруа-фермер қожалықтарының маңыздылығы ашылады, агроөнеркәсіптік кешендегі шаруа (фермер) қожалықтарын ынталандыру мен дамытудың, басым бағдарламалық тәсілге негізделген мемлекеттік қолдаудың маңызды бағыттары көрсетіледі.Сондай-ақ, даму тенденциялары мен оларды шаруа қожалықтарына кедергі келтіретін мәселелер, оларды шешу жолдары айқындалды. Кілтті сөздер: Қазақстан, шаруа (фермер) қожалықтары, фермерлік шаруашылық, агроөнеркәсіп, ауыл шаруашылық өнімдері, ауыл шаруашылығы, табыс алу, өндіріс.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/rrfc7903
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Economics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0