Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2025, № 4, 2025, с. 149-168

КЕҢ АЛЫМДЫ СЕПКІШТІҢ ТҰҚЫМ ЕНГІЗУ БӨЛІГІНДЕГІ ЖҰМЫС ОРГАНДАРЫНЫҢ ОРНАЛАСУЫН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕУ

К. Т. Утеулов, М. А. Адуов, С. А. Нукушева

Аннотация · Abstract

Мақалада, кең алымды сепкіштің тұқым енгізу бөлігіндегі тұқым және минералды тыңайтқыш енгізуші жұмыс органдарының оңтайлы орналасуы есептеліп негізделді. Анықталған көрсеткіштер тұқым енгізу бойынша қойылатын агротехникалық талаптарды толығымен орындауға, тарту кедергісі мен отын шығының азайтуға мүмкіндік береді. Біріншіден, кең алымды сепкіштің құрылысы, негізгі бөліктері, тұқым және минералды тыңайтқыш енгізуші жұмыс органдары мен оның түрлері қарастырылды. Сондай-ақ, кең алымды сепкіштерді жобалау кезінде, осы техниканы қолдану жоспарланған өңірдің топырақ-климаттық жағдайларының ерекшеліктері зерттелді. Топырақ-климаттық жағдайларының ерекшеліктері ескеріліп, агротехникалық талаптарды толығымен орындайтын тұқым және минералды тыңайтқыш енгізуші жұмыс органы таңдалды. Екінші ретте, кең алымды сепкіштің тұқым енгізу бөлігіндегі тұқым және минералды тыңайтқыш енгізуші жұмыс органдарының оңтайлы орналасуы үшін қажетті есептеу парметрлері анықталды. Сонымен, есептеулерден алынған мәліметтер бойынша, кең алымды сепкіштің тұқым енгізу бөлігіндегі тұқым және минералды тыңайтқыш енгізуші жұмыс органдарының оңтайлы орналасу схемасы негізделді. Соңғы кезекте, кең алымды сепкіштің тұқым енгізу бөлігіндегі тұқым және минералды тыңайтқышты әртүрлі тереңдікке саралап енгізуші жұмыс органдарының оңтайлы орналасуын есептеу және негіздеу нәтежиелері бойынша кең алымды сепкіштің 3-Д моделі мен эксперименталды нұсқасы жасалып, оның жұмыс істеу барысын және технологиялық операцияны орындау сапасын тексеру үшін далалық сынақтар жүргізілді. Далалық сынақтар барысында сепкіштің агротехникалық және энергетикалық көрсеткіштері бағаланды. Агротехникалық көрсеткіштерді бағалау МЕСТ 31345 бойынша, ал энергетикалық көрсеткіштер МЕСТ Р 52777 жүргізілді. Кілтті сөздер: кең алымды сепкіш, тұқым енгізу бөлігі, жел эрозиясы, алым ені, жұмыс органдарының саны, бүйірлік секция, нығыздаушы жұмыс органы, орналасу схемасы.

Сведения · Details