Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2021, № 2.2021, с. 58-66
Қазіргі қазақ прозасындағы постмодернизм құбылысы
Аннотация · Abstract
"Мақалада қазақ әдебиетінде постмодернизмнің пайда болу алғышарттары мен қалыптасу тарихы, оның әдеби формалары, даму ерекшеліктері қазіргі қазақ жазушыларының прозалық туындылары негізінде талданады. Әлемдік әдебиет пен қазақ әдебиетіндегі постмодернизм құбылыстарына салыстырмалы талдау жүргізіледі. Мазмұндық-құрылымдық өзгерістері сараланып, ХХ–ХІХ ғасырдағы постмодернизмнің негізгі бағыт-бағдары талданады. Постмодернистік мәтіннің негізгі сипаттамалары мен көркемдік ерекшеліктері айқындалған. Постмодернизмнің қазіргі әдеби процесте көркемдік және дүниетанымдық жүйе екендігі қарастырылады. Қазіргі әдеби кеңістіктегі постмодернистік тенденциялардың ерекшеліктері туралы еңбектер басшылыққа алынды. Постмодернизмнің басты белгілері, қазақ әдебиетіндегі көрінісі әлемдік әдеби процесс аясында пайымдалады. Қазақ әдебиетінде постмодернистік сарында қалам тербеген жазушылар Д. Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар», А. Жақсылықовтың «Сны окаянных» («Малғұндардың түстері»), А. Кемелбаеваның «Ағаш үй» шығармаларындағы постмодернистік тенденциялар зерделенді. Постмодернизмнің жаңа жаһандық рухани құндылықтарды бейнелеудегі рөлі мен постмодернизмнің табиғаты, көркемдік-эстетикалық мәні туралы қорытындылар жасалады. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/rqmk6053
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0