Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 2.2024, с. 322-333
М. ӘУЕЗОВТІҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАНЫНДАҒЫ МЕТАФОРАЛЫҚ ТІРКЕСТЕР
Аннотация · Abstract
Мақалада прозадағы сөз бейнелілігі орыс ғалымдары В. В. Виноградов, Г. О. Винокур, А. И. Ефимов, Б. А. Ларин, А. М. Пешковскийлердің пікірлеріне сүйене отырып қарастырылды. Көркем мәтін құрылымындағы сөз экспрессивті көрініске, ұлттық-тұрмыстық сипатқа, жағдайлық-мәтіндік (ситуативно-контекстуальный) колоритке ие болуға тиіс; ол көркемдік сипаттаудың көркемдік бейнелілігін көрсетуі тиіс. Ежелгі грек эстетиктерінен бастап көркемдік сөйлеу ерекшелігін метафоралар мен көркемдегіш құралдар, фигураларды қолданумен анықтау дәстүрі бар. Поэтикалық сөздің бейнелі функциясын бөліп көрсетеді. Бұл ретте сөздің бейнелілігін түсіну кең және тар мағынада қарастырылады. Тар мағынада сөз бейнелілігі тілдік-стилистикалық санат ретінде беріледі, сөздерде метафоралық мағыналар мен өзге де мағыналық қабаттар белсендірілгенде, салыстырулар, перифразалар және т.б. қолданылғанда сөз бейнелілігі пайда болады. Мұндай жағдайларда ұғымдар мен заттарды білдіретін сөздер санада әртүрлі картиналар тудырады. Бірақ мұндай жағдайда, біз ойлағандай, прозаның поэзияға қарағанда бейнелілігі мардымсыз, себебі онда көрнекі құралдар аз пайдаланылады және прозалық шығармада біз басқа стильдердің (сөйлесу) элементтерін табамыз. Бірақ прозада бейнелі сөздің экспрессивтілігі, көркемдігі, көрнекілігі, суреттілігі де бар. А. М. Пешковский «жалпы бейнелілік» ұғымын енгізді. Жалпы бейнелілік – тіл құралдарының жүйесі, мәтінді оқу кезінде қабылдайтын көркем туындының жалғыз мүмкін болатын сөйлеу тіндері. Қабдолов «Сөз өнерінде» жазушылардың сөз қолдану ерекшеліктеріне тоқталды. Қ. П. Жүсіп қазақ әдебиеттануына метафоралық тіркестер, дерексіз ұғымдардың заттандырылуы, жандандырылуы, шарттылық секілді терминдерді енгізді. М. Әуезовтің «Абай жолындағы» метафоралық тіркестерді Қ. П. Жүсіп үлгісімен талдадық. Талдау барысында М. Әуезов қолданған метафоралық тіркестердің Абай өлеңдеріндегі тіркестермен ұқсас екеніне аңғардық. Романдағы метафоралық тіркестерден жазушының сөз қолданудағы шеберлігіне көз жеткіздік. М. Әуезовтің шын мәніндегі суреткер жазушы екендігіне мақалада келтірілген мысалдар дәлел бола алады.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/rlta8217
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0