Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2023, № 2.2023, с. 225-238

«LESSON STUDY» АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ МЕН ОҚУДЫҢ ӨСУ ДИНАМИКАСЫН КӨРСЕТУ ТӘСІЛДЕРІ

М.К.Туйебаев, Ш.Айткенов

Аннотация · Abstract

Бұл мақала соңғы жыдары қазақстандық мектептерде қолданыла бастаған Lesson Study арқылы сабақты зерттеу тәсілдеріне арналған. Мақалада Lesson Study тәсілінің мүмкіндіктері мен ерекшеліктері кең қамтылған. Сонымен қатар, білім саласындағы эксплициттік білім (теориялық білім) мен имплициттік білім (тәжірибелік білім) айырмашылығын ажырата отырып, тәжірбиені бақылай және талдай отырып білім жинақтауға болатындығын көрсетеді және тәжірибе – теорияны реттеп дамытындығы келтіріледі. Авторлар мектептегі мұғалімнің тәжірибелеріне сүйене отырып, сол тәжірибеден рефлексивті ойлау арқылы жаңа теория тұрғызуы керек. Рефлексиясыз тәжірбиелік білімнің алға басып дамуы мүмкін еместігі, себебі рефлексияның түпкі тамырында ойлау процесі арқылы атқарылатын – түзетулер жататындығы келтірілген. Даму дегеніміздің өзі – сабақтағы қателерді жою үшін жасалған түзетулер. Сондықтан да, Lesson Study–дегі рефлексия – даму кіліті. Кез келген теория да, тәжірибелік білім де ойлау процесінің жемісі. Сабақтағы мұғалімнің тәжірибесін жақсарту үшін теориялық білімге қарағанда тәжірибелік білім арқылы түзетулер енгізген дұрыс деп есептейді. Сонымен қатар, авторлар сабақты Lesson Study арқылы зерттеуде оқушылардың оқуының жақсаруының, яғыни жақсаруының өсу динамикасын көрсетудің өзіндік жолын ұсынады.

Сведения · Details