Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2021, с. 357-366

БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

А. М. Байкулова, А. К. Аманова, Г. К. Джумажанова

Аннотация · Abstract

"Мақалада болашақ мұғалімдердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың маңызы қарастырылады. Болашақ мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі қазіргі білім беру жүйесінің жаңа әлеуметтік сұраныстарымен байланысты. Білім берудің мақсаты оқу қабілеті сияқты негізгі құзыреттілікті қамтамасыз ететін білім алушылардың жалпы мәдени, жеке және танымдық дамуы болып табылады. Ең алғаш қоғам дамуына қажетті адами сапаларға түркі ғұламалары Ж. Баласағұн, әл-Фараби сынды ұлы ойшылдардың еңбектеріне талданады. Болашақ мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігінің негізі «басқару» түсінігіне мән бере отырып, оның негізі ежелгі философтар Конфуций, Платон, Аристотель еңбектерінен бастау алатындығы айтылады. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі «басқару», «құзырет», «құзыреттілік», «басқарушылық құзыреттілік» түсініктерінің зерттелу деңгейі қарастыралады. Шетелдік және отандық ғалымдар еңбектерінен қысқаша мәліметтер беріледі. Психологиялық-педагогикалық зерттеулерге жасалған талдау негізінде, мұғалімнің қызметі, оның мәні, басқарушылық болып табылатындығын көрсетеді. Басқарушылық қызмет мұғалімдерді оқытудың құрамдас бөлігі болып табылатындығы, оның кәсіптік маңызды сапасы, заманауи білім шарттарында мағыналы педагогикалық қызметке дайын екендігі айтылады. Мұғалімнің практикалық қызметінде басқарушылықтың міндеттерін жүзеге асырада студентті жан-жақты дамытатындығына мән беріледі. "

Сведения · Details