Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 2,2025, с. 149-158
"ШАЙМАРДАН ТОРАЙҒЫРОВ – ТҰҢҒЫШ СҰЛТАНМАХМҰТТАНУШЫ "
Аннотация · Abstract
"Аталған ғылыми мақалада Шаймардан Торайғыровтың «Сұлтанмахмұт» очеркі қарастырылған. Мақалада әдебиеттанушы ғалымдардың сұлтанмахмұттануға қатысты еңбектері талданып, сараланды. Авторлар қазақ әдебиетінің тарихына шолу жасап, олардың ғылыми негізделуіне баса мән береді. ХХ ғасырдың 1930 жылдарынан бастап Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы зерттеулердің маңызды мәселелерін қамтиды. Ғылыми мақалада Жүсіпбек Аймауытовтың қазақтың ақыны Мәшһүр Жүсіп Көпеевке 1927 жылдың 15 қарашасында жазған хаты, Құлбек Ергөбектің «Сұлтанмахмұт үшін сор кешкен» мақаласы, Ғалым Бейсембай Кенжебаевтың 1949 жылы жарық көрген Сұлтанмахмұттың өмірі мен шығармашылығы туралы «Сұлтанмахмұттың ақындығы», 1957 жылы жазылған «Сұлтанмахмұт Торайғырұлы», 1968 жылы жазылған «Сұлтанмахмұт Торайғырұлын зерттеу, тану мәселесі» зерттеу еңбектері және Шаймардан Торайғыровтың қолжазбасынан алынған деректер негізге алынды. Сонымен қатар Павлодар облыстық Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайының қор бөлімінен алынған Шаймардан Торайғыровтың «Сұтанмахмұт» очеркі (қолжазба), Бейсембай Кенжебаевтың Шаймардан Торайғыровтың «Сұлтанмахмұт» өмірбаяндық очеркіне жазған рецензиясы (архив) қолданылды. Аталған ғылыми еңбектердегі құнды деректер мақала жазу барысында басшылыққа алынды. Мақалада Шаймардан Торайғыровтың тұңғыш сұлтанмахмұттанушы ретінде жан жақты ашу міндеті көзделеді. Кілтті сөздер: Сұлтанмахмұтты алғаш танытушы, ақын, ұлт жанашыры, ағартушы, педагог, журналист, публицист. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/rkig3165
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0