Science and Technology of Kazakhstan, 2023, с. 48-56
"ШИНАТЕСКІШ БІЛДЕКТЕРДІҢ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТОЗУ СИПАТЫН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ"
Аннотация · Abstract
"Мақалада шинатескіш білдектерді кеңінен қолданатын еліміздегі бірақатар кәсіпорындарда жүргізілген зерттеулердің, сондай-ақ, аталған білдектерде қолданылатын құралдық әбзелдердің шығынын зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеулер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті тарапынан қаржыландырылған AP19578884 «Шинатескіш станок құралының тозуға төзімділігін арттыру және конструкциясын жетілдіру» тақырыбы шеңберінде орындалды. Пайдалану жағдайларына сәйкес жалпы соққылы құралдардың тозу сипатына талдаулар жасалынды. Зерттеулердің бір бөлігі тесу құралының бойындағы бұзылу себептерін анықтау мақсатында Deform 3D, Siemens NX пакетттерінде соңғы элементтер әдісімен орындалды. Процесті арнайы мамандандырылған бағдарламалардың заманауи пакеттерінде модельдеу созылу кернеулерінің өсуін және деформациялардың ұлғаюын нақты өндірісте тозу немесе сыну анықталған жерде көруге мүмкіндік берді. Модельдеудің алдын-ала нәтижелерін талдай отырып, тесу құралының конструкциясын өзгерту және процестің оңтайлы режимдерін таңдау мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға болады. Зерттеу нәтижелері шиналардағы тесіктерді тесу үшін қолданылатын құрал тез тозатынын және жиі істен шығатынын көрсетті. Тозған құрал шетелдік өндірушілерден сатып алынатын жаңасымен ауыстырылады. Құрал шығыны өте жоғары және өндірілген өнімнің өзіндік құнына теріс әсер етеді. Арнайы компьютерлік кешендердің көмегімен жүргізілген модельдеу нәтижелері де тескіш құралдың өте ауыр жағдайда жұмыс істейтінін көрсетті. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/rjuo1188
- Журнал · Journal Science and Technology of Kazakhstan
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 2