Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2020, с. 378-388
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҒЫ ЖОҒАРЫ БІЛІМДІ ИНТЕРНАЦИОНАЛДАНДЫРУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Аннотация · Abstract
"Жоғары оқу орындарындағы интернационалдандыру – бұл әр түрлі іс-әрекеттерді қамтитын күрделі процесс. Білім беру жүйесі бүкіл әлемде адам өмірінің барлық саласында болып жатқан интеграция үрдісіне қатысады. Қазақстан жоғары оқу орындарының интернационализациясы үрдісіне ерекеше көңіл бөліп, білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламаларын нығайтуға жағымды жағдай жасауда. Бұл мақалада өңірлік университеттің білім алушыларының академиялық ұтқырлық бағдарламасының қалай жүзеге асырылатындығы, бағдарламаның аймақтық университеттегі интернационалдандыру үрдісіне әсерін зерттеу қарастырылады. Мақала деректері бағдарламада қатысқан білім алушыларға арнайы дайындалған сауалнама арқылы жиналды. Сауалнамада қатысушылар саны 98 адамды құрады. Бұл жұмыста деректерді талдау жұмыстары SPSS статистикалық бағдарламаның көмегімен жүзеге асырылды. Бағдарламаның аймақтық университетте жүзеге асыру және оны болашақта қалай жақсартуға болатындығы туралы қатысушылардың пікірін білу мақаланың негізгі мақсаты бола отыра, қатысушылардың субъективті пікірін ала отырып, бағдарламаны жақсарту жолдары да белгіленген. Академиялық ұтқырлық бағдарламасын іске асыру үрдістерін стратегиялық басқару жүйесін жетілдіру мақсатында университетті интернационалдандыру үрдісінің негізгі факторы ретінде білім алушылардың академиялық ұтқырлығын арттыру үшін кешенді шаралар қабылдау орынды болып көрінеді. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/rjnk5177
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0