Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series, 2024, № 2.2024, с. 109-120

ҚОС САНДАР АЛГЕБРАСЫ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ

Б. Ж. Сағындықов, Ж. Бимұрат

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада қос сандар ұғымы қарастырылады. Қос сандар алгебрасына тән негізгі қасиеттері мен бірқатар көріністері (алгебралық, тригонометриялық, көрсеткіштік және матрицалық) анықталады. Бұл мәліметтер мүмкіндігінше оның геометриялық құрылымын ашуға тікелей байланысты болады. Сонымен қатар комплекс сан мен қос сандар (гиперболалық комплекстік) арасындағы көптеген ұқсастықтар көрсетілді. Қос сандар гиперболалық сандар жүйесінің ішкі жиыны ретінде қарастырылады. Қос сандар алгебрасы құрылды және нөлдік бөлгіштері анықталды. Нөлдік бөлгіштердің геометриялық және физикалық табиғаты түсіндірілді. Қос айнымалының қос мәнді функцияларын зерттеу мақсатында Эйлер формуласы толықтай қорытылып шығарылды. Қос айнымалы голоморфты (аналитикалық, регуляр) функциялар класы үшін Коши-Риман шарттары анықталды. Геометриялық тұрғыдан қос сан 2D жазықтықта вектор ретінде қарастырылуы мүмкін. Алайда қос санның „нормасы“ нақты сан ретінде анықталмауы да және сондай-ақ нөлге тең болуы да мүмкін. Сондықтан қос сандардың сәйкес векторларының арасында изотропты деп аталатын ортгональ векторлар пайда болады. Одан әрі изотропты базистегі қос сандар алгебрасы мен аналитикалық сұрақтар баяндалады. Мақалада қос сандар алгебрасының теориясы гиперболалық типтегі сызықтық дифференциалдық теңдеулер жүйесінің жалпы шешімін табуға қолданылды. Кілтті сөздер: қос сандар, гиперболалық сандар жүйесі, Эйлер формуласы, Коши-Риман шарттары, голоморфты функция.

Сведения · Details