Абай поэзиясының көркемдік көкжиегі
"Абай поэзиясы қазақ халқының ешқашан сарқылмайтын бай, асыл қазынасы екендігін өткен ғасырдың басында Алаш арыстары асқан ізденіспен сөз еткен. Абайтану ғылымының басында тұрған Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Райымжан Марсеков, Мұхтар Әуезов тағы басқа ардақтыларымыздың қай-қайсысы да ұлы ақын шығармашылығының басты құндылығын ашып көрсеткендігі мақалаға арқау болған. Абай барша адамзаттың игілігі. Мақалада Абай поэзиясы – мәңгілік, даналық, махаббат пен адалдықты өзегіне арқау екендігін жеткізген. Соңғы зерттеулерде Абайдың рухани ізденістері терең ашылып, оның ұлттық рухани қалыптасуындағы рөлі айқындалды. Өмірдің түрлі құбылысына өлеңі арқылы өткір де сергек ойын айтқан ол халықтың ой-өрісін дамытатын бейне жасады. Абай шығармаларын зерттей отыра өлеңінің көркемдік қуаты, тақырыптары әралуандығына қарап өмірдің қыр-сырын, өткенін, болашағын тани білгендігіне ой жүгіртесің. Адамдардың сан қыры, портреттері, ел адамының, шаруа адамының, билік адамының тұрмысы көркем тілмен тұтаса кеп, Абайдың болмысын ашатынына, дүниетанымын тануға болатыны айтылған. "
Сведения
- Опубликовано
- 2020 · № 4.2020, С. 145-153
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2710-3528
- Издатель
- Toraighyrov University