Central AsianResearch Index

Ежелгі қазақ даласындағы тәлім-тәрбие құндылықтарының рухани мазмұны

"Мақалада ерте заманда өмір сүрген тарихи тұлғалардың мақсат еткен – ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүрлерді, өнегелі сөздерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, үлкенді сыйлауға, елін-жерін құрметтеуге насихаттау – ой-пікірлері теориялық тұрғыда талданады. Авторлар қазақ даласын мекендеген ру-тайпалардың ертедегі көшпенділер қауымында қалыптасқан тәрбие бағыттары анықтап, мазмұндады. Ежелгі жазбалардың тәлім-тәрбиелік көздерінің алғашқы сатысын сол қоғамда қалыптасқан және ұрпақ тәрбиесіне ықпалын тигізген өнер, кәсіп, еңбек түрлерін мәнін ашып көрсетеді. Сонымен қатар, ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын тарих қойнауында қатпарланған даналық көздерін жинақтап, құнды дүниелерін жаңғырту қазақ халқының ұлттық тәуелсіздік дәуірінде басты мақсаты екендігін көрсетеді. Ежелгі қазақ ұлтының ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, мирас болып келе жатқан көне тарихында ерекше назар аударатын педагогикалық мұрасы нәтижесін болжайды. "

Сведения

Опубликовано
2021 · № 4.2020, С. 377-346
Язык
Казахский
Цитирований
1
ISSN
2710-2661
Издатель
Toraighyrov University