Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2021, № 3.2021, с. 37-47
Қазіргі ұлттық қолөнердегі лингвомәдени бірліктердің мазмұны
Аннотация · Abstract
"Мақалада қазақтың ұлттық мәдениетінің көрсеткіші саналатын ұлттық қолөнердегі лингвомәдени бірліктердің болмыс-бітімі, мағыналық-мазмұнының тіл арқылы таңбаланып, тіл арқылы мәдени-танымдық семантикасының ашылатындығы жаңа лингвистикалық бағыттардың негізінде қарастырылады. Осымен байланысты ұлттық болмыс пен мәдени-танымды бойына сіңірген ұлттық өнер туындыларының дүние сырын бейнелейтін этнографиялық мазмұнына ерекше назар аударылады. Зерттеу материалында қазіргі ұлттық қолөнердегі лингвомәдени элементтердің ұлттық нақыштағы берілуінің лингвистикалық түсіндірмесі жасалып, антрополингвистикалық бағыт аясындағы этностың өзіндік болмысы мен бейнесін «тіл әлемі» арқылы ғана танытатын лингвомәдени талдау жұмыстары теориялық және практикалық тұрғыда жасалған. Ұлт мәдениетінің көрсеткіші ұлттық қолөнердегі лингвомәдени бірліктердің мазмұнын дәйектейтін этнолексикалық бірліктердің мағыналық-мазмұнына терең үңілу олардың мәдени-танымдық деректер ретінде семантикасы көрсетіледі. Жұмыстың қорытынды бөлімінде, тіл мен мәдениеттің, материалдық және рухани мәдениеттің сабақтастығы, ұлттық қолөнердегі лингвомәдени бірліктердің салт-дәстүрдегі, дүниетанымдағы көрінісі лингвомәдениеттанымдық, этнолингвистикалық талдаулар арқылы сараланып, лингвомәдени бірліктердің этнографиялық негіздері, уәжді белгілері сараланады. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/rcop5989
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0