Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2022, № 4.2022, с. 246-260
КӨПМӘДЕНИЕТТІ УНИВЕРСИТЕТ ОРТАСЫНДА БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ
Аннотация · Abstract
Бұл жұмыс көпмәдениетті университет ортасында болашақ мұғалімдердің толеранттылық мәдениетін дамыту мәселесіне арналған. Қазіргі ғылыми әдебиеттерді шолуға сүйене отырып, авторлар бүгінде студенттердің толеранттылық мәдениетін дамытудағы оқу орындарының маңызды рөлін, болашақ мұғалімдер арасында осындай көзқарастарды қалыптастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асырудағы заманауи білім беру жүйесінің қажеттілігін ескеру қажет деп санайды. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде «толеранттылық», «студенттік толеранттылық мәдениеті» ұғымдарының біржақты түсіндірмесі жоқ екендігі атап өтілді. Ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде «толеранттылық», «студенттің толеранттылық мәдениеті» ұғымдары нақтыланып, болашақ мұғалімдердің толеранттылығын дамыту ерекшелігі анықталады. Өңірлік жоғары оқу орнының студенттік ортасында толеранттылық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру мен дамытудың маңыздылығы көрсетіледі. Болашақ мұғалімдер арасында толеранттылық мәдениетін қалыптастыру және дамыту кезінде үш түрлі тұрақты компоненттен тұратын толеранттылық құрылымын бөліп көрсету маңызды екені анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша өңірлік университет жағдайында студенттердің толеранттылық мәдениетін қалыптастыруға, оқу жоспары пәндерінің әлеуетінің мүмкіндіктеріне және оқу материалының мазмұнын байытуға, студенттерді арнайы ұйымдастырылған қызметке тартуға және т.б. мүмкіндік беретін кешенді мақсатты бағдарламаның маңыздылығы негізделген.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/rbjy5672
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0