Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2021, № 4.2021, с. 50-61

"ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ЛИНГВОЕЛТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ "

А. М. Картаева, Ж. К. Кайырбаева, А. А. Алимхан, Б. Н. Бияров

Аннотация · Abstract

"Мақалада қазақ тілінің адам мен қоғам байланысуынан туған жаңа салаларының бірі лингвоелтанымдық лексиканың теориялық-әдістемелік негізі З. Н. Никитенко, Е. М. Верещагин, В. Г. Костомаров, К. С. Алдашева, С. Қ. Иманбердиевалардың ғылыми-зерттеу еңбектері негізінде қарастырылып, туристік лексиканың және туристерге ұсынылатын мәтіндердің мазмұны мен құрылымының лингвоелтанымдық табиғаты ашылған. Негізгі бөлімде өлкеге келуші туристер қолданатын Шығыс Қазақстан облысының жер-су атаулары туралы қысқаша баяндалған мәтіндерге танымдық негізде түсініктемелер беріліп, мәдени компонентті тілдік бірліктерге елтану бағыты тұрғысынан талдау жасалып, олардың қолданылу мақсаты мен мазмұны, қызметі сараланған. Өңірдің тарихи-тілдік және географиялық ерекшеліктері сипатталып, тарихи-мәдени нысандарының Қазақстандағы туризмді дамытудағы рөлі айқындалған. Мақалада Шығыс Қазақстан облысының мәдени-тарихи жерлерінің туристік кластерлерге енуі туралы заңнамалық және нормативтік құжаттарға талдау жүргізу; сайттардан ақпараттар жинақтау; туристік мәтіндердің мазмұны мен құрылымын салыстыру, сипаттау; жинақталған ақпаратты жүйелеу, қорытындылау әдіс-тәсілдері кеңінен қолданыс тапқан. Мақаланың қорытынды бөлімінде туристік мәтіндерді құрастырып, шығарушыларға арналып бірнеше ұсыныстар айтылған. Мақала ҚРБжҒМ Ғылым комитетінің (IRN AR08957132) жобасы аясында жарияланып отыр. "

Сведения · Details