Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2020, № 3.2020, с. 358-366
Шетел тілін оқытуда операциялық жаттығулардың алатын орны
Аннотация · Abstract
"Операциялық жаттығулар ағылшын тіліндегі 4 дағдыны, яғни сөйлеу, жазу, оқу, тыңдап түсіну және фонетикалық, лексикалық, грамматикалық сияқты 3 шеберлікті қамти отырып, шет тілін оқытуда оқушылар мен студенттер тарапынан сұранысқа ие. Бұл жаттығулар жүйесі дағдыларды қалыптастырып қана қоймай,оқушылар мен студенттердің білімін арттыратын таптырмас құрал болып табылады.Сатылап жүзеге асырылатын операциялық жаттығулар жүйесі білім алушыға шет тілін оқу барысында кездесетін қиындықтарды жеңуге көмектеседі және дағдыларды дамытуға бағыт-бағдар береді. Зерттеудің мақсаты ағылшын сабағында операциялық жаттығудың тиімділігін көрсету және жаттығулар жүйесін тереңірек зерттей отырып, ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Зерттеу методологиясы ағылшын тілін оқытуда қолданылатын эмперикалық әдіске негізделеді. Операциялық жаттығулар мұғалімдер, студенттер мен оқушылар арасында қолданылатын болады. Шет тілін үйретуде қолданылатын жаттығулар жүйесі ағылшын тілін оқытуда сөйлеу қызметінің қолданылу ерекшеліктеріне және дағдылардың маңыздылағына орай құрастырылған. Операциялық жаттығулар жүйесі шет тілін оқыту процессінде методикалық құрал ретінде ғана емес, сонымен бірге педагогикалық әдіс есебінде қолданылатын болады. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/qzdy9490
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0