Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 3.2024, с. 31-42

СКРИПТОНИМДЕР: ЭТНОТІЛДІК САНАДА КОДТАЛҒАН САКРАЛДЫ АҚПАРАТТАР

Р. Акегожаева, А. Мурзинова, Х. Қораш

Аннотация · Abstract

Мақалада этнотілдік сананың лингвомәдени ұжымның нормалары, құндылықтары мен тәжірибелерін сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізудегі рөліне баға беріледі. Шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектеріне талдау жасалып, этнотілдік санада қатталған танымдық элементтердің тілдік стереотипті образдарға трансформациялану жолдары туралы ақпарат беріледі. Этнотілдік санадағы қоршаған орта туралы білім мен түсініктердің негізінде қалыптасқан кодтарды «реконструкциялау» – лингвомәдени ұжымның этникалық бірегейлігі мен тілдік санасының ерекшелігін айқындайтын әдіс ретінде баға беріледі. Отандық ғалымдардың тұжырымдарын негіздей отырып, лингвомәдени кодтарды меңгерудің ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, ұлттық бірегейлікті сақтаудағы рөлі туралы айтылады. «Скрипт» термині «белгілі бір жағдайдағы оқиғалар мен әрекеттердің реттілігі» ретінде танылады. «Скрипт» терминінің психология және тіл білімі салаларындағы зерттелуіне шолу жасалып, оның мағыналық аясы «скриптоним» терминімен салыстырылады. Адамның генетикалық жадында құрылымдық-бейсаналық білім ретінде сақталған және ғұрыптық рәсімдердің негізінде жасалған лингвомәдени кодтарды скриптонимдер деп тану мәселесі көтеріледі. Скриптонимдер қолданылу аймағының ерекшелігіне қарай диатопты, диастратты және диахронды деп топтастырылады. Түрлі аймақтық рәсімдердің негізінде қалыптасқан скриптонимдерде шифрланған ақпараттарды ашу арқылы жергілікті этнотілдік сананың бірегейлігін анықтауға болады деген тұжырым жасалады. Теориялық тұжырымдар қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері, этнографиялық зерттеулерден алынған мысалдармен дәйектеледі. Кілтті сөздер: этнотілдік сана, скрипт, лингвомәдени код, скриптоним, ғұрыптық рәсімдер.

Сведения · Details