Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 2.2024, с. 134-147
ИНТЕРНЕТ-ТҮСІНДІРМЕЛЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІН КӨРСЕТУДЕ МИФОЛОГЕМАЛАРДЫҢ РӨЛІ
Аннотация · Abstract
Мақалада виртуалды кеңістікте орналастырылған қазақстандық интернет-түсіндірмелердің ұлттық ерекшелігін көрсететін лингвомәдени бірліктердің бірі – мифологемалар талдауға түседі. Мифологема дегеніміз – мифтерде, аңыздарда немесе діни мәтіндерде қолданылатын мифологиялық бейнелер, мотивтер, мифология элементтері. Бүгінгі күні виртуалды кеңістіктегі тіл тасымалдаушыларының жазбаларында мифологема-мәтін, мифологема-мәлімдеме және мифологема-антропоним сынды мифологема түрлерінің жиі ұшырасуы дәстүрге айналған құбылыс болып табылады, яғни қарапайым интернет-коммуниканттар қандай да бір мақалаға пікір білдіргенде көбіне-көп көпшілікке танымал тарихи аңыз-әңгімелерді, прецедентті есімдердің (тарихи тұлғалардың, мәдениет және қоғам қайраткерлерінің) сөздерін, туындыларын т.б. пайдаланады. Бұл олардың дүниетанымдарын, аялық білім деңгейлерін көрсетумен қатар, ұлттың тарихынан, әдеби-мәдени өмірінен де ақпарат береді. Зерттеу мақсаты – қазіргі тіл біліміндегі миф жайлы қалыптасқан ұғым-түсініктерді сипаттап, интернет-түсіндірмелердің ұлттық ерекшелігін танытатын мифологемаларды зерделеу. Жұмысты жазу барысында сипаттау, баяндау, лингвомәдени талдау әдіс-тәсілдері қолданылады. Олар белгілі бір халық мәдениетінде кең таралған мифологиялық сюжеттердің, бейнелердің мән-мағынасын ашып, өзіндік ерекшелігін айқындауға, атқаратын қызметін саралауға мүмкіндік тудырады. Зерттеу нәтижесінде «мифологиялық дискурс әлемнің ұлттық бейнесіне негізделген идеяларды қарастырады, қазақстандық виртуалды тілдік тұлғаның мәтін сөзжасамын қалыптастырады» деген тұжырым шығарылады. Кілтті сөздер: мифологема, мифологема-мәтін, мифологема-мәлімдеме, интернет-түсіндірме, әлем бейнесі, прецеденттік феномен.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/qxok9501
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0