Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2020, № 3.2020, с. 278-288
ЖОО-да ағылшын тілі сабақтарында тілдік орта туғызудың әдіснамалық негіздері
Аннотация · Abstract
Мақалада жоғары оқу орындарында ағылшын тілі сабақтарында тілдік орта туғызу үдерісінің қадамдары зерделенген. Автордың пайымдауынша тілдік орта студенттердің коммуникативтік құзыреттігін дамытатын, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі оқытуға ынталандыратын, ағылшын тілін меңгеруге мотивацияның қалыптасуына ықпалын тигізетін, ұлттық құндылықтар мен қажеттіліктерге, болашақ кәсібіне бағдарланған құрал ретінде қарастырылады. Мақалада мемлекетіміздің орта және жоғары білім беру мекемелерінде шет тілін меңгеру талаптары мен диагностикалық тест қорытындылары берілді. Сонымен қатар, автор тілдік орта ұғымы отандық және шетел ғалымдардың еңбектерінде педагогика тұрғысынан зерттелу деңгейін анықтайды, теориялық-әдіснамалық дереккөздерге талдау жасап, ағылшын тілі сабақтарында тілдік орта туғызу үдерісінің негізгі қадамдарын атап өтеді.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/qxbj1642
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0