Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2021, № 4.2020, с. 18-26

КЕҢЕСТІК ДӘУІР КЕЗЕҢІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОДТЫҢ КӨРІНІС ТАБУЫ

Ж. Б. Абдуалиева, Г. С. Таженова, Ж. Б. Мыханова

Аннотация · Abstract

"Мақалада кеңестік дәуірдегі қазақ жазушыларының шығармашылығы талданып, сол шығармалардағы ұлттық кодтың көрініс табуы жан-жақты ашылады. Қазақ халқының ұлттық болмысы ғасырлар бойы қалыптасып, бекем орныққан, сондықтан да ол қазақ рухын небір күйзелістерден аман алып келе жатқан айрықша қасиетке ие. Халқымыздың сол қасиетін танытатын формула күллі материалдық байлықтан адами құндылықты биік қоятындығымен ерекшеленеді. Қай заманда болмасын халықтың тілімен, салт-дәстүрімен терең тамырласып жатқан әдебиеттің алар орны ерекше. Әдебиет – халықпен бірге өмір сүреді, әдебиет арқылы халықтың бет-бейнесін, таным-түсінігін аңғара аламыз. Әдебиет – қоғамға кесапаттарды алдын-ала ескертеді. Сол арқылы бүтін бір халықты тәрбиелеу мүмкіндігіне ие. Арнасы кең, мәуелі қазақ әдебиеті – ұлттық болмысты боямасыз суреттеуден танған емес. Әсіресе, кеңестік жүйенің қатаң қыспағында болса да қазақ әдебиетінің дарабоздары дара шеберліктерін дәлелдеп, «ұлттық код» арқылы өз ойларын кейінгі ұрпаққа жеткізуге тырысты. Кеңестік жүйенің талаптарына қарамастан, ұлттық бейнемізді өз шығармаларының арқауына айналдырған бірнеше шығармалардан нақтылы айғақтарды алдыға тартып, аталған мәселелер, көптеген шығармалардан үзінділер келтіріліп, мысал ретінде қарастырылады. Сонымен бірге, ол шығармалардың өміршеңдігі тілге тиек етіліп, қазіргі оқырманға берері туралы сөз етіледі. "

Сведения · Details