Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2021, № 4.2021, с. 71-80

ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК БИ ШЕШЕНДІК СӨЗДЕРІНІҢ ФОЛЬКЛОРМЕН АРАҚАТЫНАСЫ

Г. Т. Тлеубердина, Б. К. Хумар, Г. Т. Батыргалиева

Аннотация · Abstract

"Бұл мақалада Қаз дауысты Қазыбек бидің шешендік мұралары мен ауыз әдебиеті нұсқаларының арақатынасы, ерекшелігі, ұқсастықтары қарастырылады. Қазыбек би жайлы ғалымдар тарапынан берілген пікірлер сөз болып, оның қоғамдық тұлғасы айқындалады. Бүгінгі күні де өзекті мәселе болып келе жатқан ауыз әдебиеті үлгілеріндегі мәселелер Қазыбек би мұраларымен салыстырылып сипатталған. Фольклордың әр жанрындағы халық даналығы, дүниетанымы, ой-түйіні шешендік сөздермен байланысы жан-жақты сөз болады. Қазыбек би мұраларының, шешендік сөздерінің магиялық күші, шешендік арнаудың бір түрі тілек-баталардың жанрлық ерекшелігі, бүгінгі күні мақал-мәтелге айналып кеткен шешендік сөздері, мұралардың көпнұсқалылығы, жұмбақпен байланысы сараланады. Әрбір жанрдың мақсаты мен мәні айқындалып, шешендік сөздердің қоғамдық сипаты анықталады. Шешендік мұралардың қоғамдық қызметі, саяси рөлі, бай ауыз әдебиеті үлгілерімен байланысы, ауыз әдебиетінде ғылыми қалыптасқан пікірлердің Қазыбек би мұраларынан алатын орны, ондағы ұқсастық пен ерекшелік талданады. Қазыбек би Келдібекұлы шешендік мұраларының фольклормен байланысы, арақатынасы жан-жақты зерттеледі. Зерттеу барысында Қазыбек бидің қоғамдағы рөлі, оның шешендік сөздерінің саяси маңызы әрі оның фольклормен байланысын танымдық тұрғыда қарап, шығармашылығының ерекшеліктеріне тоқталамыз. "

Сведения · Details