Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 4, 2025, с. 526-543
«ҚОЗЫ КӨРПЕШ – БАЯН СҰЛУ» ЛИРО-ЭПОСТЫҚ ЖЫРЫНДАҒЫ ТРИКСТЕР БЕЙНЕСІ
Аннотация · Abstract
Бұл мақалада қазақ әдебиетіндегі трикстер архетипі зерттеледі. Бұл архетип феномені әлі күнге дейін әдебиеттану ғылымында өзекті болып отыр. Трикстер архетипінің мағынасы, түрлері, әдебиеттегі көрінісі сөз болады. Трикстердің кім екендігі, оның негізгі сипаттамалары анықталады. Зерттеу жүргізу барысында трикстердің теориялық аспектілерін зерделеуде шетел және қазақ архетип зерттеуші ғалымдарының К. Юнг, П. Радин, Д. Гаврилов, М. Бахтин, Е. Корнилова, А. Кузнецов, Қ. Оразқұлова, М. Оразбек, С. Қондыбай, А. Тайшанұлы т.б. пікірлері басшылыққа алынды. Трикстер архетип ретінде ең маңызды бейнелердің бірі болып табылады. Барлық халықтардың фольклорында, әдебиетінде бар және мәдениеттің барлық кезеңдеріне қатысып, ұжымдық сипат береді. Трикстер дегеніміз («trickster» ағылшын сөзі – айлакер, құйтырқы т.б.) мағынасында қолданылады. Қоғамға, жалпыға ортақ заңға қарама-қарсы келетін іс-әрекеттер жасайтын, мифологиядағы, фольклордағы және көркем әдебиеттегі бейне немесе антропомортфты жануарлар. Трикстер көркем шығармаларда басты кейіпкердің жанындағы жанама кейіпкер де болып табылады. Зерттеу нысаны ретінде қазақтың «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» лиро-эпостық жыры негізге алынды. Зерттеудің мақсаты - психоанализ әдісі арқылы қазақ халықының лиро-эпостық жырына талдау жасалынып, трикстердің көркемдік қызметі қарастырылды. Лиро-эпостық жырлардағы Қарабай, Қодар трикстер бейнесі мысалдар арқылы талданады. Лиро-эпостық жырлардағы айлакерлердің ерекшеліктерін жеткілікті толық сипаттамасының болмауы осы мақаланың өзектілігін анықтайды. Сондықтан зерттеуге өзек болған трикстер тек өткеннің ғана емес, қазіргі мәдени құндылықтар мен әлеуметтік мәселелерді зерттеуге көмектеседі. Кілтті сөздер: архетип, трикстер, бейне, фольклор, лиро-эпос, көркем әдебиет.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/qugk6359
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0