Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2023, № 4,2023, с. 93-105

ЦИФРЛЫҚ ҚОҒАМ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ САЛАУАТТЫ ТҰЛҒА

С. К. Ксембаева, Г. М. Кажикенова, М. Е. Нургалиева, Н. А. Кударова, С. К. Антикеева

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттерге теориялық талдау жасалды, цифрлық қоғам жағдайында салауатты тұлғаны қалыптастырудың шетелдік тәжірибесі зерттелді. Әр адам қандай да бір жолмен цифрлық қоғамға қосылуға мәжбүр болады, ал мұны істей алмайтын адамдар жаңа цифрлық қоғамға бейімделе алатындарға жүгінуге мәжбүр болады. Демек, замануи қоғам адамдардың бойында жаңа дағдыларды қалыптастыруы керек. Әдебиеттерге жасалған шолу салауатты тұлға туралы ғылымда бар теориялар мен зерттеулермен танысуға және салауатты тұлға туралы ғылыми зерттеулерде қарастырылатын негізгі теориялар мен тұжырымдамаларды анықтауға мүмкіндік береді. Салауатты тұлғаны ғылыми зерттеу әдістемесі психологиялық, педагогикалық және медициналық зерттеулердің маңызды аспектісі болып табылады. Мақала авторлары студенттермен және магистранттармен жұмыс жасаудағы психологиялық-педагогикалық тәжірибені жинақтап, салауатты тұлғаны қалыптастыру үшін білім алушылардың қажетті құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған заманауи технологияларды қолданады. «Психологиялық денсаулық мәселелері бойынша психологиялық кеңес беру» пәні бойынша дәрістер мен практикалық сабақтарда салауатты тұлғаны қалыптастыруға бағытталған тұлғаға әсер етудің әлеуметтік-психологиялық құралдары талқыланады. Авторлардың практикалық жұмыстарының мол тәжірибесі салауатты тұлғаны қалыптастыруға бағытталған бірқатар бағдарламаларды әзірлеуге, жеке тұлғаға оң әсер етудің қажетті әлеуметтік-психологиялық құралдарын таңдауға мүмкіндік береді.

Сведения · Details