Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2023, № 4,2023, с. 333-345
СЕМЕЙ ӨҢІРІНДЕГІ АЙТЫС ӨНЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ (ЖАҢАША ПАЙЫМДАУ)
Аннотация · Abstract
Мақалада Абай облысы, Семей өңіріндегі айтыс өнерінің қалыптасу, дамуы жөнінде айтылған. Осы өңірден шыққан әйгілі айтыскер ақындардың мұралары қарастырылған. Семейлік ақындардың айтыс жанрын қалыптастыруға арналған әдеби мұраларына сараптама жүргізілген. Семей өңірінде айтыс өнерінің қалыптасуының қалай бастау алғаны туралы мағлұмат берілген. Өңірдегі айтыскер ақындарды сөз еткенде Абайдың әсерін де атауымыз қажет. Ұлы ақын мектебінің шәкірттерінен бастап жалғасын тапқан Абай дәстүрін ұстанушылар Семей өңірінің айтыс мәдениетін дамытуға мол үлес қосты. Семей өңірінде туып өскен: Ақтайлақ би, Түбек, Әсет, Жанақ, Көкбай, Әріп, Шәкір, Тәңірберген, Төлеу, Сапарғали, Нұрлыбек, Қалихан, Дәмеш және тәуелсіздік жылдардағы Айнұр, Серікзат, Дәулеткерей, Рүстем, Ринат, Сара, Қарлығаш т.б. қазаққа кеңінен танымал айтыскер ақындардың айтыстары зерделенген. Семейлік өнер иелері кең тынысты, тіл шұрайы төселген ірі тұлғалар. Суырып салмалық қасиетті ерекше бағалап, айтыс өнері арқылы даралана білген ақындар. Сондықтан зерттеуге негіз болған өңірлік айтыс ақындарының әдеби мұрасын, олардың жеке авторлық бейнесін жаңаша пайымдау арқылы қазақтың маңдайына біткен бірегей өнерлерінің бірі – айтыс өнерін жаңғыртуды мақсат еткен.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/qqou1605
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0