Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Physics & Mathematics series, 2025, № 3, 2025, с. 149-160

InGaSbAs / GaSb ҚҰРЫЛЫМДАРЫНДА СЕРПІМДІ КЕРНЕУЛЕРДІҢ ТАРАЛУЫ

Б. Ж. Кушкимбаева, С. Ш. Егембердиева, М. Т. Кейкиманова, М. Р. Кушербаева, Р. Ж. Наметкулова

Аннотация · Abstract

Жұмыста серпімді деформация таралуының спектрлік тәуелділігін және «швеллер» түріндегі InGaSbAs/Gasb құрылымындағы сәулеленудің сызықтық поляризация дәрежесін өлшеу экспериментінің нәтижелері қарастырылды. Мұндай құрылымдағы ішкі деформация табиғатта квазибіростық сипатқа ие, оны гетероқұрылымдардағы ішкі кернеулерді зерттеу және анықтау үшін пайдалануға болады. GaSb негізінде алынған қатаң ерітіндінің фотолюминсценциясына серпімді және пластикалық деформацияның әсері зерттелді. Зерттелетін үлгіге х, у құрамы 0,006 ≤ х ≤ 0,150, 0,050 ≤ у ≤ 0,135 аралықтарда жататын, құрылымның негізі болып табылатын GaSb -нің 550- 7100C иілгіштік температурасында өсірілген, In1-x GaxAs1-ySby құрылымы алынды. Тыйым салынған зонасының ені 3-5 мкм-ге сәйкес келетін қатаң ерітінді аз зерттелгендіктен, яғни осы диапазонға сәйкес жарық көздері мен фотоқабылдағыштарға қажеттілік туындайтындықтан InGaSbAs/GaSb құрылымы қарастырылды. Фотолюминесценция толқын ұзындығы λ=0.48мкм лазер арқылы қоздырылды. Өлшеу сұйық азот температурасында жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде ішкі кернеулердің таралуына сәйкес, канал тереңдеген кезде сәулеленудің поляризация дәрежесі артатындығы, негізі «швеллер» типті құрылымдардағы ішкі деформация квазиосьтік сипатта болатыны және оны гетероқұрылымдардағы ішкі кернеуді зерттеу мен анықтау үшін пайдалануға болатындығы көрсетілді. Кілтті сөздер: швеллер, эпитаксиальды құрылымдар, фотолюминесценция, лазер, серпімді кернеу, спектр.

Сведения · Details