Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2021, № 2.2021, с. 187-195
«Жырау» мен «жыршы» ұғымының тарихы
Аннотация · Abstract
"Мақалада әлем бойынша «Жырау» мен «Жыршы» ұғымының тарихына зерттеушілердің ғылыми ой пікірі негізінде талдау жасалды. Авторлар «Жырау» мен «Жыршы» ұғымына тек нақтылы фактілер келтіріліп, нақтылы теориялық дәлелдер берді. Зерттеу негізгі тұжырымдарын алдағы зерттеулерде теориялық дәйек ретінде қолдануға болады. Сондай-ақ филолог ғалымдар ізденістеріне жаңа деректік пайдаға асатын зертханалық нәтижелер де бар. Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар, шығармаларының тәлім-тәрбиелік маңызы зор жыраулар поэзиясына арналған. Өзіндік тарихы ХV ғасырдан – қазақ халқының жеке хандық болып құрылған кезінен басталып төл әдебиетіміздің түп қазығы саналатын, толғаулары ауызша тараған жыраулардың шығармаларын жинақтау ХХ ғасырдың басынан бастап қолға алына бастаған болатын. Сондықтан да жыраулар мен жыршылардың тарихи ұғымын ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің арасындағы көпір ретінде қарастырамыз. "
Сведения · Details
- DOI 10.48081/qpyf9001
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0