Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2025, № 1.2025, с. 128-140
БОЛАШАҚ БИОЛОГИЯ МҰҒАЛІМДЕРІН ДАЯРЛАУДА STEM БІЛІМ БЕРУ БАЗАСЫН ҚҰРУДЫ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА НЕГІЗДЕУ
Аннотация · Abstract
Мақалада STEM-білім берудің болашақ биология мұғалімдерін даярлаудағы рөлі мен маңыздылығы жан-жақты талданған. Зерттеу барысында STEM әдістемесінің білім беру процесіндегі тиімділігі, оның пәнаралық байланыстарды нығайту және зерттеушілік дағдыларды дамыту әлеуеті қарастырылған. Қазақстандық студенттер арасында сауалнама жүргізіліп, олардың STEM әдіснамасын меңгеру деңгейі мен қажеттіліктері айқындалды. Халықаралық тәжірибелерді талдау Зерттеу нәтижелері STEM-білім берудің оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытудағы тиімділігін, пәнаралық байланысты нығайтудағы рөлін және болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін арттырудағы маңыздылығын нақтылады. Сауалнама нәтижелері студенттердің STEM негіздерін меңгеру деңгейінің жеткіліксіз екенін көрсетіп, бұл бағытта қосымша курстар мен практикалық сабақтар ұйымдастыру қажеттігін дәлелдеді. Сонымен қатар, зерттеу STEM жобаларына қатысу мүмкіндіктерін арттырудың және заманауи STEM жабдықтарына қолжетімділікті қамтамасыз етудің маңыздылығын айқындады. Мақалада STEM-білім беруді енгізудің теориялық негіздері мен практикалық аспектілері кеңінен талданған. Зерттеу аясында студенттердің генетика, биоинформатика, фотосинтез процестерін модельдеу, биомиметика және экологиялық мониторинг жүйелерін құру секілді нақты мысалдар арқылы STEM компоненттерін меңгеруі көрсетілген. Бұл тәсіл студенттердің ғылыми-зерттеу, инженерлік шешімдер табу және технологиялық құралдарды қолдану қабілеттерін дамытуды көздейді. Кiлттi cөздeр: STEM-тәсіл, педагогтарды даярлау, пәнаралық байланыстар, зерттеушілік дағдылар, халықаралық тәжірибе.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/qnxh2139
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0