Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2020, № 4.2020, с. 265-275

Киім-кешекке қатысты этнографизмдердің аударылуы

Майгуль Ирангаиповна Оразханова

Аннотация · Abstract

"Қандай да бір халықтың тұрмыс-тіршілігін, айналысқан кәсібі мен шаруашылығын, тарихи және мәдени өмірін, айналаға деген көзқарасын, жалпы дүниетанымын бойына жинақтаған лексикалық бірліктердің бірі – этнографизмдер екені белгілі. Олар ұлттық нақышты білдірумен қатар, сол елдің өзіндік ерекшеліктерін де көрсетеді. Қазақ тіл білімінде этнографиялық атаулар барынша қарастырылғанымен, белгілі бір қаламгер шығармасында ұшырасатын аталған тілдік бірліктің аударылу мәселесі арнайы зерделенген жоқ. Бұл жұмыстың өзектілігін аңғартады, көкейкестілігін дәлелдейді. Мақаланың зерттеу нысаны ретінде Ғ. Мүсіреповтің «Оянған өлке» романында кездесетін этнографизмдер, ал зерттеу пәні болып киім-кешекке қатысты атаулардың аударылу мәселесі алынды. Мақсаты шығармадағы киімге байланысты этноатауларды жинақтап, олардың тәржімалану тәсілдерін айқындау болып табылады. Жұмысты жазу барысында салыстыру және салғастыру әдістері, сипаттау әдісі, лингвомәдени талдау әдісінің элементтері мен тілдік деректердің сандық сұрыптау әдісі пайдаланылды. Олар мынадай қорытынды шығаруға негіз болды: жазушы туындысында бас киімге қатысты этнографизмдер молынан кездеседі; олар В. С. Виноградов көрсетуіндегі аударма тәсілдерінің – транскрипция (транслитерация), гипо-гиперонимиялық аударма, үйлесім, перифразалық (сипаттамалы, дескриптивтік, экспликативтік) аударма, калькалау – барлығымен бірдей тәржімаланған; нақтылап айтқанда, басым көпшілігі транскрипция (транслитерация), гипо-гиперонимиялық және калькалау сынды аударма жолдарымен жүзеге асқан. Дескриптивтік және үйлесім тәсілдері сирек қолданылған. "

Сведения · Details