Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2025, № 2,2025, с. 112-124

ПРОБЛЕМАЛЫҚ-МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ТАРИХТЫ ОҚЫТУДАҒЫ РӨЛІ

А. М. Акшанова, Г. Е. Отепова, Р. Ж. Аубакирова, Ю. А. Лысенко, А. Ж. Шокпаров

Аннотация · Abstract

Мақалада жоғары білім жүйесінде тарих ғылымы саласында жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында, проблемалық-модульдік технологияны (ПМТ) енгізу мен бейімдеудің теориялық және әдіснамалық негіздемесі ұсынылған. Ғылыми әдебиет пен библиографиялық деректерді талдау негізінде тарихты зерделеуде ПМТ-ны қолданудың мүмкіндіктері сипатталған. Технология тарихи фактілерді талдау, себеп-салдар байланыстарын анықтау және өз пікірлерін қалыптастыру қабілеттерін дамыта отырып, сыни және аналитикалық ойлау деңгейін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ол тарихи цикл пәндері аясында пәнаралық әлеуетке ие. Бұл тәсіл оқу материалын игерумен шектелмей, студенттердің кәсіби және зерттеу міндеттерін шешуге қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыруға ықпал етеді. Проблемалық-модульдік оқыту білім беру процесіне қойылатын заманауи талаптарға сай педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдануды, студенттерге түрлі тарихи дереккөздермен жұмыс жасауды, топтарда тиімді ынтымақтасуды және практикалық міндеттерді шешуді меңгеруге мүмкіндік береді. Бұл болашақ тарихшылардың кәсіби қызметі үшін маңызды шарттардың бірегейлері. Аталғандар, жоғары білім саласындағы педагогикалық практикаларды жетілдіру мақсатында ПМТ-ның тарихты оқытудағы рөлін зерттеуде өзектілігін анықтайды. Мақала «Қазақстанның Солтүстік-Шығысында жергіліктендіру саясатын зерделеуде проблемалық-модульдік технологияны қолдану» тақырыбындағы докторлық диссертация аясында, шолу мазмұнында жазылған. Кейінгі педагогикалық зерттеулер барысынында жұмыс ауқымы тәжірибелік және қолданбалы тұрғыдан кеңейтілетін болады. Кілтті сөздер: тарих мамандарын даярлау, проблемалық-модульдік технология, оқытудың инновациялық технологиялары, кәсіби құзыреттер, сыни тұрғыдан ойлау.

Сведения · Details