Central Asian Research Index

Science and Technology of Kazakhstan, 2024, № 4.2024, с. 216-228

КЕСКІНДЕРДІ БИНАРИЗАЦИЯЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ СЫНАУ

Г. Е. Ахметова, Е. А. Панин, А. В. Кудря, К. Туысхан

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада қолданыстағы бинаризациялау кескіндерін талдау әдістері ұсынылған. Қазіргі ғалымдар жасаған бинаризациялау кескіндердің әртүрлі әдістерін анықтау және сипаттау бойынша деректер жүйеленген. Зерттеудің мақсаты болаттың құрылымдық маркаларының үлгілері мысалында металдар мен қорытпалардың микроқұрылымдарының кескіндерін бинаризациялаудың оңтайлы әдістерін анықтау және заманауи бинаризациялау әдістерін сынау болды. Бинаризациялаудың келесі әдістері қарастырылады: орташа әдісімен бинаризациялау, С-тәрізді қисық арқылы бинаризациялау, Оцу (Отса немесе Отсу) әдісі, мульти-Оцу әдісі, адаптивті бинаризациялау, жергілікті бинаризациялау әдісі, медиана әдісі, Niblack алгоритмі, Sauvola әдісі және Bernsen әдісі. Осы бинаризациялау әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктері сипатталған. Ақпараттық-цифрлық металлографиялық талдауда одан әрі қолдану мақсатында құрылымдық болат үлгілерінің мысалында болаттар мен қорытпалардың микроқұрылымдарының кескіндерін өңдеу үшін бірқатар қолданыстағы бинаризациялау әдістемелерін қолданып сынақтан өткізілген. Бинаризациялаудың әртүрлі әдістерін қолдана отырып, алынған кескіндердің сапасы бойынша зерттеу нәтижелері ұсынылған. Болаттар мен қорытпаларды ақпараттық-цифрлық талдауда одан әрі қолдану мақсатында болаттардың микроқұрылымдарының кескіндерін бинаризациялаудың ең қолайлы оңтайлы әдістері анықталды. Зерттеулер металдар мен қорытпаларды металлографиялық талдау әдістерін одан әрі цифрландыру үшін перспективалы болып табылады. Кілтті сөздер: бинаризациялау, кескін, болат, құрылым, ақпараттық-цифрлық талдау.

Сведения · Details