Central Asian Research Index

Bulletin of Toraighyrov University Humanities series, 2025, № 2, 2025, с. 33-49

АБАЙ МЕН СҰЛТАНМАХМҰТТЫҢ ДІНГЕ КӨЗҚАРАСТАРЫ: САЛЫСТЫРМАЛЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Р. Е. Джуншеев

Аннотация · Abstract

Бұл мақалада қазақ ағартушылық ойының көрнекті өкілдері — Абай Құнанбайұлы мен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың дінге деген философиялық көзқарастары салыстырмалы түрде талданады. Екі ойшыл да дінді адамның рухани дамуы мен адамгершілік кемелденуінің негізі деп түсіндіргенімен, олардың дінді пайымдау бағыттарында өзіндік ерекшеліктер байқалады. Абай дінді ішкі руханият пен жүрек тәрбиесінің қайнар көзі ретінде бағалап, сопылық ілімнің идеяларын гуманистік тұрғыдан қабылдады. Оның түсінігінде дін — адамның жан дүниесін тазартып, толық адам деңгейіне жетудің жолы. Ал Сұлтанмахмұт Торайғыров дінді әлеуметтік прогресс пен әділеттілік үшін қажет құрал ретінде қарап, діни догматизм мен сауатсыздықты батыл сынады. Ол діни сенімнің ағартушылық әлеуетін алға тартып, заманауи білім мен ғылымды бірінші орынға қойды. Мақалада екі ойшылдың шығармалары мен оларды зерттеген ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, олардың дінге көзқарастарының ұқсастықтары мен айырмашылықтары ғылыми негізде сараланады. Сондай-ақ қазақ ағартушылық дәстүріндегі діннің рөлі мен оның философиялық мәні ашып көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері қазақ ойшылдарының діни дүниетанымының тереңдігін және олардың заманауи қоғам үшін маңыздылығын айқындауға бағытталған. Кілтті сөздер: Абай Құнанбайұлы, Сұлтанмахмұт Торайғыров, дін философиясы, ағартушылық ой, рухани-адамгершілік құндылықтар, салыстырмалы талдау, қазақ философиясы.

Сведения · Details