Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2025, № 4, 2025, с. 228-240
AY ‘АЙ’ AСПАН ДЕНЕСІНІҢ ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ ОРНЫ
Аннотация · Abstract
Мақалада аспан денелерінің ішінде қазақ дүниетанымына ерекше әсер еткен ay ‘ай’ астрономиялық атауы күрделі сипатқа ие және ол барлық наным-сенімдерде кездеседі. Жұмыстың негізгі мақсаты – тарихи-салыстырмалы зерттеу арқылы түркі тілдерінің қыпшақ тобындағы семантикалыққабаттарын ашу және паремиялар арқылы әлем бейнесін көрсету. Сонымен қатар, көне түркі кезеңінен бастап, барлық түркі жазба ескерткіштерде қолдану ерекшеліктерін салыстырмалы-тарихи аспектіде зерттеуді негізге алып, қазіргі қазақ тілімен фонологиялық, семантикалық, грамматикалық, прагматикалық сабақтастығын анықтауды мақсат етіледі. Осы мақалада зерттелген ay ‘ай’ ұғымы негізгі базистік лексиканы құрайтындықтан, оның лексикалық мазмұны әлем тілдерінде кездеседі деп күтілуде. Материалдар түркі және орал-алтай тілдік топтарына қатысты сөздіктерге сүйенеді. Сонымен қатар, талдау барысында этимологиялық сөздіктер пайдаланылды. Айдың жарық шығару қасиеті, ерекше түсі, өзгермелі пішімі (фазасы) қазіргі түркі тілдерінде семантикалық жүйе құрап, сан алуан конструкциялардың жасалуына негіз болды. Солардың ішінде ay ‘ай’, лексемасының жан-жақты қолданысы мен алуан түрлі семантикалық қырларының қазіргі қазақ тілінде де сақталу деңгейін анықтап, қазақ тілінің тарихи сөздік қорындағы орнын бағамдаймыз. Сол арқылы тілдің табиғатын және ортатүркілік сөздік қорды қалпына келтіре отырып, ортатүркілік дүниетанымдық ерекшелікті анықтауға тырысамыз. Кілтті сөздер: түркі тілдері, лексикология, семантика, әлем бейнесі, ай.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/pwsr9742
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0