Bulletin of Toraighyrov University Philology series, 2024, № 3.2024, с. 335-361
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КОММУНИКАТИВТІК ТӘЖІРИБЕ: НОРМА ЖӘНЕ УЗУС
Аннотация · Abstract
Мақалада қазақ тіл білімінің жаңа бір саласы әлеуметтік лингвистиканың өзекті мәселелері ретінде қарастырылып жатқан норма мен узус туралы түсінік береміз. Қазіргі қазақ әдеби тілінің кодификациялық қорына енбеген, бірақ тіліміздегі қолданып жүрген коммуникативтік тәжірибедегі норма мен узус мәселелерін сөз етеміз. Сонау ғасырлар қойнауынан мәдениеттер мен өркениеттер мидай болып араласып, үлкен ұлттар шағын ұлттардың тілі мен ойлау, сөйлеу өрісін тарылта бастаған бүгінгі жаһандану дәуіріне өзінің сөз байлығы мен ой-өрісін сақтап, аман жеткен қазақ тілі үшін де бұл ортақ қағида. Қағидаға адал болсақ, тілімізді дамыта алғанымыз. Тілімізді сақтап-дамыта алсақ, ұлт ретінде өмір сүру, қоғамдасып ғұмыр кешу, мемлекет болып бірге бекіту дейтін іргелі де күрделі мәселелерді шеше алғанымыз. Негізгі мақсат та осы. Тілдің қолданыс аясының кеңеюі қазақ тілінде сөйлеу мен жазу мәдениетінің көтерілуіне тек оң ықпал етті деп біржақты жауап бере алмасымыз анық. Бүгінде қазақ тілінің қолданысында норма мен узус мәселелері араласып, оны теориялық жағынан қайта зерделеп, күнделікті тәжірибедегі қолданысын, әсіресе публицистикалық стильдің көрінісі саналатын БАҚ-та реттеудің өзектілігі жоғары болып отыр. Тілдік норманың сақталуын қадағалап, сөз мәдениетінің деңгей-дәрежесін сараптап отыру – тіл мамандарының міндеті. Қазіргі коммуникациядағы тілдік мысалдар талқыланды. Норма мен узустың аражігін барынша айқындауды мақсат еттік. Кілтті сөздер: тіл жүйесі, әлеуметтік лингвистика, норма, узус, тілдік тұлға, коммуникативтік тәжірибе, мәдениет, кодификация.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/puzr3627
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Philology series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0