Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series, 2025, № 2,2025, с. 55-67
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЖАТТЫҒУДА ЖЫЛДАМДЫҚТЫ АРТТЫРУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Аннотация · Abstract
Мақалада дене тәрбиесінде жылдамдықты арттыру жаттығуларында бұлшықет қозғалыстарына және жағдайға байланысты реакциялардың шапшаңдығына баса назар аударылады. Қоғалыс жылдамдығы үдеуін жақсарту мақсатында шекті және шектіге жақын жылдамдықтағы жаттығу түрлері жасалады. Мұндайда жасанды интеллект элементтері бар модельдеу және имитациялық жаттығулар кеңінен пайдаланылады. Имитациялық жаттығулардағы қимылдар максималды бастапқы жылдамдықпен немесе қозғалыс соңында үдеумен жылдам серпілу түрінде болуы тиіс. Әрбір қимылға жеке көңіл бөлініп, олардың қарқынды жылдамдығын біртіндеп арттырып, шекті деңгейге жеткізу қажет. Осы кезде имитация, модельдеу, болжау сияқты жасанды интеллект элементтерінің тиімділігін қолдану ұсынылады. Бұл мақалада қазіргі таңда жасанды интеллект элементтерін пайдалану тақырыбы ерекше маңызға ие екені , қоғамымызға кеңінен еніп, түрлі салада өз орнын тапқаны, ғылым мен технологиямен қатар, медицина, білім беру, өнер, экономика, спорт және басқа да көптеген салаларда табысты қолданылып жатқандығына назар аударылады. Дене тәрбиесіндегі жылдамдық қабілеттерінің дамуы күштің артуымен, спорттық техниканың жетілуімен, биохимиялық механизмдердің жылдам іске қосылуымен, энергия үнемдеуімен және ерік-жігердің дамуымен тығыз байланысты. Жаттығу бағдарламаларын оңтайландыру виртуалды және симуляциялық модельдеу арқылы жүзеге асырылып, шынайы жағдайларға жақын жаттығулар жасалады, жылдамдық оңтайландырылады және жарақаттанудың алдын алу шаралары қарастырылады. Бұл зерттеу жұмысының мақсаты дене тәрбиесіндегі жаттығу барысында жылдамдықты арттырудағы жасанды интеллектінің тиімділігін айқындау болады. Нәтижеде жасанды интеллект спортшының физикалық жағдайы, бұрынғы жаттығулары және жеке ерекшеліктері туралы үлкен көлемдегі деректерді талдай алады, бұл мүмкіндігінше жекелендірілген және тиімді жаттығу бағдарламаларын жасауға мүмкіндік береді. Кілтті сөздер: жасанды интеллект, модельдеу, ақпараттық технология, деректерді талдау, дене тәрбиесі, спорт, жаттығу, спорттық жаттығудағы жылдамдық.
Сведения · Details
- DOI 10.48081/ptvu4430
- Журнал · Journal Bulletin of Toraighyrov University Pedagogics series
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0